Жұма, 11 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мерей

Майталман маман һәм іскер басшы

18.10.2024
- Мерей
0
Майталман маман һәм іскер басшы
114
БӨЛІСТІ
316
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС құрамындағы тау-кен, шахта жабдықтары зауытында ұста-дәнекерлеу цехы бар. Өңірдегі өндіріс ошақтарына түрлі бөлшектер дайындайтын цехқа Мейіржан Құлжанбеков есімді азамат басшылық жасайды. Мейіржан Егінтайұлы Қаражал қаласының тумасы. Осындағы кәсіптік-техникалық училищені тәмамдаған. 1988 жылы Ақтау тау-кен комбинатына қарасты Батыс-Қаражал шахтасында электр-газбен дәнекерлеушінің көмекшісі болып бастаған.

Мейіржан Құлжанбеков өзі кәсібіндегі барлық кезеңдерден өтті. Батыс-Қаражал шахтасында еңбек ете жүріп, мамандығының қыр-сырына қанықты. 2-разрядты дәнекерлеушіден 4-разрядты маман дәрежесіне көтерілді. 1999 жылы «Қазақмыс» корпорациясының жүйесіне ауысты. Тау-кен, шахта жабдықтары зауытына жұмысқа қабылданды. Ұста-дәнекерлеу цехына 3-разрядты дәнекерлеуші болып келген ол өзінің еңбекқорлығының арқасында 4-разрядқа қайта көтерілді. Кейіннен осы цехта ауысым шебері, аға шебер сынды жауапты қызметтер де атқарды. Зауыт басшылығының ұйғарымымен Мейіржан Егінтайұлы 2016 жылы ұста-дәнекерлеу цехының тізгінін ұстады.

Зауыттағы ірі құрылым саналатын цехта Мейіржан Құлжанбеков ең әуелі қауіпсіздік саясатын берік қалыптастыра отырып, еңбек өнімділігін арттыруды көздеді. Бүгінде Мейіржан Құлжанбеков зауыттағы білікті маман һәм іскер басшы дәрежесіне көтерілді.

– Біздің тау-кен, шахта жабдықтары зауыты осы төңіректегі өндіріс нысандарына қажетті жабдықтармен қамтып отырған бірден-бір кәсіпорын. Оның ішінде біздің ұста-дәнекерлеу цехының атқарар жұмысы маңызды. Сондықтан біз ең әуелі еңбеккерлердің қауіпсіздігіне баса көңіл бөлеміз. Өндірістің тұралап қалмауы үшін еңбек өнімділігін арттыру негізгі мақсаттардың бірі, – деді Мейіржан Егінтайұлы.

Жалпы өндіріс саласына 36 жылын арнаған майталманның бұл цехпен ширек ғасырлық ғұмыры жалғасып жатыр. Әріптестерінің арасында бедел мен абыройға кенелген кейіпкеріміз 18 қазанда 55 жасқа толып отыр. Мейіржан Құлжанбеков өндірісте білікті майталман болса, отбасында ардақты әке, сүйікті немерелерінің ақылшы атасы.

Отанасы Мереке Мәжікенқызымен бірге 3 бала тәрбиелеп, өсірді. Қазір 5 немеренің қызығына кенеліп отыр. Мейіржан Егінтайұлының өндіріске қосқан үлесі «Қазақмыс» басшылығы тарапынан бағаланып, омырауына ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісін тақты. Еңбекпен абыройға жеткен Мейіржан Құлжанбеков жастарға үлгі.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу46Твитерге29

Көп қаралған

  • Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    213 бөлісті
    Бөлісу 85 Твитерге 53
  • Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    198 бөлісті
    Бөлісу 79 Твитерге 50
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру