Күн қан – Оғыз қаһанның үлкен ұлы, Бұзоқ қолын басқарған тарихи тұлға. Көне шежіреде Оғыздың алты баласы туралы жазылған. Олар: Күн, Ай, Йұлдыз, Көк, Тақ, Теңгіз. Оғыздың аманатымен қаһан тағына Күн қан отырды. Оның аталығы, Оғыз салдыртқан Енікент қаласының басшысы Ірқыл Қожа болатын.
Билікке келісімен Күн қанды жаға-тартыс пен жікшілдік мәселесі мазалады, өйткені Оғыздың көзі кеткелі алты баласынан 24 немере есейіп қалды. Болашақта әрқайсысы билік пен байлыққа мастанып, елдің көрпесін жан-жаққа тартатыны сол күндерден-ақ сезіліп тұрды. Оған қоса, жергілікті билік басындағылар қолдарына үлкен көлемдегі қазына, сансыз мал және тез өсіп келе жатқан қалаларға ие болып, қанзадаларғаықпалын күшейте бастады. Осындай жағдайда Ірқыл Қожа мәселені шешу жолын көрсетті.
Аталықтың міндеті де сол еді: өмірден өткен қаһанның жақын саяси серіктесі бола, ол қаһанның қатындары және уәзірлерімен қоса қанзадаларды өз қамқорына алады. Сонымен қатар, оған адам және дүние шығынысыз биліктің тізгінін мұрагерге тапсыру, мемлекеттің әріқарай даму жолын айқындау және билікке келген жаңа қаһанмен ел басқару тәжірибесімен бөлісу міндеті жүктелген. Сондықтан, Ірқыл Қожа әр қанзадалардың дәрежесі мен өкілеттігін бекітіп, әрқайсысына таңба мен оңғонын таратуды ұсынды. Ол бүй деді:
– Сенің әкең жаздың ыстығында көлеңкеде, қыстың суығында үргеде отырмай, қылыштың күшімен көптеген елдерді бағындырып, алтауыңа тапсырып кетті. Егер сендер мен сендерден тарағандар бірлікте болсаңдар, ол жажұрт пен байыр жұрт ешқайда кетпейді, бақыт пен өмір үнемі сендерге серік болады. Мен, көбейген сендер дүние үшін бірліктеріңді жоғалтып аласыңдар ма, – деп қорқамын.
Ірқыл Қожаның сөзін тыңдаған Күн қан құрылтай ұйымдастырып, соның құрметіне үлкен той жасады. Оғыз салдырған алтын сарайдың оң қанатына алты үрге, сол қанатына алты үрге тікті. Оң қанат жаққа алтын қораз, сол қанат жаққа күміс қораз іліп, Бұзоқ пен Үш оқтың арасында қораздарды садақпен ату сайысын өткізіп, елдің біраз көңілін көтерді. Оған қоса, әкесінің істегенін қайталап, 900 жылқы және 9000 қой сойып, 99 сафьянды тостаған дайындатып, оның тоғызына шарап, тоқсанына қымыз құйғызды. Бауырлары мен олардың ұлдары арасында орындары мен өкілеттерінүлестіргенде, Күн қан олардың мекендейтін аумақтарын, той мен құрылтайда ие болатын қой немесе жылқының сүйек-мүшесіне ие болу, ет турау, есіктің алдында тұру және аттарды ұстап тұру құрметтерін реттеп бекітті.
Қаһан шатырының оң жағындағы бірінші үргеде Күн қанның үлкен ұлы Қайы («мықты») отырды. Оған қойдың оң жақ санының жілігін берді. Күн қанның екінші ұлы Байат («бақытты») ет турау құрметіне ие болды. Оғыз қаһанның күңінен туған Сарқыаттарды ұстап тұру құрметіне ие болды. Бас қа қанзадалар қандай үргеге отырғаны, қандай сүйекке ие болғаны, т.б. туралы Рәшит ад-Дін мен Әбілғазы нақтылап жазған. Аттарды ұстап тұру құрметіне ие болғандардың арасында Қаңқлы, Қалаш, Қыпшақ, Қарлық болып, олардың мәртебесі Оғыздың күңдерінен туған ұлдарының мәртебесімен теңетілді. Жалпы Күн қан Оғыздың 24 немересін 12 үргеге отырғызып, күллі Алаш 12 бөлекке, яғни 12 автономды аумаққа бөлінді. Бұл бөлектердің ұрпақтары йүзлік болып аталды.
Сонымен, Күн қан қоғамды Оғыз қаһанның әулетінен құралған ерекше мәртебелі тапқа және қарапайым халыққа бөлді. Оған қоса, Оғыздың жорықтары кезінде пайда болған ру басылар мен күңдерінен туған ұлдардың саны да 24 болды. Олар да үргелердің алдындағы мәртебелі орындарға ие болды: 12-сі үйлердің алдында аттарды ұстап тұрса, 12-сі есіктің алдында отырды. Бұл 24 кісіден тараған барлық ұрпақтарын аймақ деп атады. Нәтижесінде, Ұлытауда өткен осы құрылтайда Күн қан Оғыз империясын 12 йүзлік пен 24 аймаққа іріктеді.
Мемлекеттің саяси орталығы болып Қарақұм мен Борсықтағы қыстақтар және Ортақ (Ұлытау) пен Кертақтағы (Кішітау) жайлаулар болып қала берді. 24 аймақ 12 йүзлікке бағынып, жаңа салықтық-әкімшілік жүй еарқылы тіршілік жасай бастады. Әскердің оң қолын құраған Бұзоқ тайпаларына жайлау ретінде Сайрамның шекарасынан Башқұрттауы мен Қарабаққа дейінгі жер бөлінсе, сол қанатты құраған Үшоқ тайпаларына Күртақ, Йеруда, Тұғлұқ және Бозйақтан Ақзақ Алмалыққа дейінгі жерлер берілді. Қыстақ ретінде Бұзоқ Борсық, Ақтақ, Намалмыш және Басарқұмды еншіленсе, Үшоқ Қайы-дере, Асанаша, Құм Сеңгір, Қайы Дүрду және Йар Сеңгірге ие болды. «Оғыз-наманың» аудармашылары көне топонимдерді қазіргі атаулардың мағынасымен толық теңестіре алмады. Бірақ, Сайрам, БашқұртжәнеБорсықтың мекендігін ала отыра, біз екі қолдың шекара аралығын Сарысу өзенімен өткенін айта аламыз. Бұзоқтар өзеннің батыс жағын, үшоқтар шығыс жағын жайлаған. Сонымен қоса, осы құрылтайда Күн қан мемлекеттік басты құқықтық ережелерін айқындады.
Еңбастыереже – қабылданған ет жеу рәсіміндегі тәртіпті мұқият орындау. Екіншіден, істелінгенқылмысыүшінжауапкершілік, қылмыскердің шыққан тегіне және мәртебесіне қарамастан, қатан қолданылатын болды. Егер қылмыскерді жаза-
лауға қанның өкілдері келсе, ешкім де тергеужүргізуге және шығарылған үкімге қарсылық танытуға құқығы жоқ деп бекітілді. Ал қылмыскерді қанның ордасына «қылышпен арқасынан қақ айырып, көре алатындар көретіндей, ести алатындар еститіндей» қылып жеткізу қажет деп үкім етілді. (Кононов, 54-бет). Үшінші құқықтық қағида мемлекет басшысын сайлау тәртібіне арналды. Қаһан болып тек Оғыздың ұрпақтары, оның ішінде Бұзоқтан ғана, яғни Күн, Ай, Йұлдыздың ұрпақтарынан сайланатын болды. Таққа екі қаһанды бірдей отырғызуға тыйым салынды. Өйткені, ондай жағдайда бір қаһан қайтыс болса, қанзадалардың арасында алауыздық туу қауіпі өршитіні ескерілді. «Бір қынапқа екі қылыш кірмейді, екі ер бір әйелді алалмайды, бір үргеде екі басшыға төр жоқ». (Кононов, 54-бет).
Құрылтайда қабылданған осы өсиеттердің (аһднама) бәрі үлкен қағаз парағына жазылды. Осы жылнамалық дерек мұңғылдарда б.д.д. ІІ ғасырдыңөзіндежазуболғанынбілдіреді. Бұл, 1969 жылы К. Ақышевтің археологиялық экспедициясының құрамында болған Бекен Нұрмұханбетов, «алтын адаммен» бірге тауып алған күміс тостағанның түбінде жазылған көне түрік руникалық (таңба) жазу болу мүмкін. Күн қан, оның кіші бауырлары, ұлдары, бектер және ақсақалдар мен баһадүрлердің асылдары Аһднамаға өз есімдерін жазып, таңбаларын басып, Күн қанның қазынасына салды. Қол қою кезінде Күн қан қабылдаған шешімдерден таймауға ант беріп, ұрпақтарына «осы Аһднаманы Ақыр заманға дейін ұстануды» аманат етті. (Кононов, 54-бет). Сонымен, шамамен б.д.д. ІІІ-ІІ ғасырларда, немесе Македондық Іскендірдің жорықтарынан кейін, Ұлытау өңірінде ірі көшпелі империя қалыптасып, Еуразияның кең аумағындағы көптеген елдердің қарыма қатынасы іріктелді. Соның нәтижесінде, Ұлы жібек жолы қарқынды дамыды.
Алғашқы қытай деректерінде Қытай мен ұйғырлардың арасында мемлекетаралық сауда орнағаны туралы жазылған. Сауда жолдарын бақылауғаалу, империяның кең аумағынан жиналған салық арқылы көшпелі мемлекеттің қазынасын толтыру, металлургияның дамуы және мал басының көбеюі көшпелілерді күшті биліктің иегері етті.
Мұхтар Бақытұлы