Сенбі, 21 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

Көшесіз көне астанамызда көк байрағымыз желбіреді

09.09.2024
- Шарайна
0
Көшесіз көне астанамызда көк байрағымыз желбіреді
80
БӨЛІСТІ
221
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сәрсенбінің сәтінде, қазақтың көшесіз көне астанасы, ұлт ұясы атанған Ұлытауда мемлекеттік рәміздер ашылды. Бұл тұтас облысымыздың мерейін үстем ететін, төрткіл дүниенің туристерін өңірге тартатын, ұрпақтар қастер тұтып нысан болады деп отыр өңір басшысы.

Баршаға мәлім, Ұлттық Құрылтайдың алғашқы отырысы осы Ұлытау өңірінде өткенде Мемлекет басшысы Ұлытау ауданындағы Әулиетаудың етегінде «Мемлекеттік рәміздер алаңы» кешенін ашуға тапсырма берген еді. Міне, Президентіміздің осы тапсырмасы бүгінде жүзеге асырылды. Үш жүздің басын қосқан қарт Ұлытаудың бөктерінде, Әулитаудың етегінде менмұндалаған әсем алаң ашылды. Оның лентасы еліміздің басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында қиылды.

«Мемлекеттік рәміздер алаңы» кешенінің жалпы аумағы үш гектарды алып жатыр. Кешенде биіктігі 22 метр болатын Мемлекеттік Ту, тұғыртаста Елтаңба, Әнұран бейнеленсе, «Тәуелсіз Қазақстан», «Қазақ хандығы», «Түрік Қағанаты», «Алтын Орда» барельефті және 99 рудың белгісі қашалған «Таңбалы тас» орнатылған.

Сондай-ақ оқыңыз

Облыстық дебат турнирі

Облыстық дебат турнирі

14.03.2025
Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

14.03.2025

Кешеннің ашылу салтанатына қатысқан Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы алаңның ұлт деңгейіндегі маңызына тоқталды.

– Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылы Ұлттық Құрылтайдың алғашқы отырысы біздің облыста өтті, алқалы жиында Ел Президенті қасиетті өңірдегі арнайы орында көк байрағымыздың желбіреп тұруын тапсырған болатын. Маңызды жобаның құрылысы былтыр күзде басталып, ұдайы қадағалауда болды. Бүгін міне, мереке қарсаңында ашылып отыр. Рәміздер алаңы ұрпақ қастер тұтатын орынға айналсын, – деді өңір басшысы өз сөзінде.

Іс-шараға облыстық сот төрағасы, қала-аудан әкімдері, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, төтенше жағдайлар, қорғаныс саласының қызметкерлері арнайы қатысты.

Орайы келгенде айта кетейік, Рәміздер алаңының скульпторы – елімізге белгілі суретші-монументші Ғазиз Ешкенов. Жоба авторының айтуынша, бұл – «Таңбалы тас» орнатылған еліміздегі тұңғыш алаң.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

 

 

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті

20.06.2025
«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

«Қазақмыс» Бағдар: Еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

20.06.2025
Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

Әлемдегі тау-кен мектебі облыста филиалын ашады

20.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру