Сейсенбі, 1 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс» құрылымдарында

Көшбасындағы телім

16.02.2024
- «Қазақмыс» құрылымдарында
0
Көшбасындағы телім
117
БӨЛІСТІ
326
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Қарағандытүстімет» ӨБ қарасты «Нұрқазған» кеніші – 2050 жылға дейін кен қоры бар, болашағы жарқын ірі кен орнының бірі. 2006 жылы алғаш үңгілеу жұмыстары жүргізілген кеніш содан бері корпорация деңгейінде жылдық жоспарды игеру мен еңбек қауіпсіздігі саясатын жүзеге асыруда алдыңғы қатарда келеді.

Негізгі кен өндіретін телімдерден бөлек, мұнда бірнеше қосалқы телімдер бар. Қосалқы болғанымен, атқарар жұмыстарының салмағы басым. Дизель телімі жеті қат жер астындағы қазба байлығын конвейер желісі арқылы жер бетіне шығарумен айналысады. Ол үшін мұнда тиеу, жеткізу техникалары мен бір өрт сөндіру, жұмысшылар мен инженер-техникалық қызметкерлерді тасымалдайтын көліктердің уақытылы іске жарамды болуына жауапты.

Нұрлан Мамай басшылық жасайтын ұжым былтырғы жылдың өндірістік жоспарын тиісті деңгейде орындады әрі қауіпсіздік саясатында нәтижелі көрсеткіш көрсетті.

– Телімде 80-ге жуық адам еңбек етеді. Тау-кен жыныстарын тиеп, жеткізу – біздің басты міндетіміз. Тәуліктік нормамыз – 12100 тоннадан 12500 тоннаға дейін. Осы жоспарды орындауда ұжымның жігіттері тәжірибелерін ортақ іске жұмылдыра білуде. Бригадиріміз Қанат Мырзабаев бастаған звеношылар Ерболат Ғұсманов, Бақытбек Махабал, Қайсар Сәрсембаев сынды кәсіби мамандар – жастарға үлгі.

Сондай-ақ оқыңыз

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024
Академик есімі қайта оралды

Академик есімі қайта оралды

22.11.2024

Дизель телімінің басшысы Нұрлан Мамай

Өндірістегі қауіпсіздік саясаты – адам өмірін сақтаудың басты кепілі. Сондықтан жұмыс барысында қауіпсіздікті қатаң ескереміз. Қорытындылай айтқанда, біздің дизель телімі «Нұрқазған» кенішінің жылдық көрсеткішке жетуіне өз үлесін қосып келеді, – дейді Нұрлан Аманбекұлы.

Нұрлан Мамай бұл ұжымға үш жылдан бері басшылық жасауда. Алғашында тау-кен жұмысшысы болып орналасқан жас маман жұмысқа деген ынтасының арқасында еңбек жолында сатылай өсіп, бүгінде телім тізгін ұстап отырған жайы бар.

Кен өндірісінің білікті мамандары топтасқан ұйымның ауызбіршілігі мығым. Соның арқасында дизель телімі үнемі көшбасынан табылып келеді.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.
Суреттерде: Телімдегі звеношы Ерболат Ғұсмановтың бригадасы шыңырауда.

Дизель телімінің басшысы Нұрлан Мамай.

Бөлісу47Твитерге29
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

«Қазақмыс» ынтымақтастық: Үстел теннисі қарқын алды

27.06.2025
Облыстық одақта – жаңа төраға

Облыстық одақта – жаңа төраға

27.06.2025
Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

Әріптесіміз мемлекеттік марапатқа ие болды

27.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру