Сейсенбі, 16 Желтоқсан , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мұқаба

Көш бастаған озаттар

28.01.2022
- Мұқаба, Өндіріс өрісі
0
Көш бастаған озаттар

Суретте: №№1, 2 Жезқазған байыту фабрикасы қалдық қойма шаруашылығы цехының бір топ еңбеккері. Солдан оңға қарай, электрмонтерлер Жайдарбек Жұбатхан, Нұрбол Оспанов, цех басшысы Ерлан Кәрменбаев, сорғы қондырғысының машинисі Ізбасар Райымбаев пен электрмонтер Владимир Андреев.

78
БӨЛІСТІ
217
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Біз сөз етіп отырған №1,2 Жезқазған байыту фабрикасының қалдық қойма шаруашылығында еңбегімен көзге түсіп жүргендердің қатарында аға буынмен қатар жастардың да еңбекке деген ынтасы сүйсінтеді.

Озаттардың көшбасында сорғы қондырғысының машинисі Ізбасар Райымбаев кәсіби маман ғана емес, жастардың тәлімгері. Фабрикада 2006 жылдан бері еңбек етуде. 2005 жылы Өзбекстаннан атамекеніне оралған Ізбасар Райымбаев кен байыту саласындағы алғашқы еңбек жолын №1 бас корпуста диірмен машинисі болып бастады. Өзбекстанда алтын зауытында өндірістің қыр-сырына қаныққан Ізбасарға мұндағы үдерістер аса қиындық тудырған жоқ.

– Бас корпуста үш жарым жылдай еңбек еттім. 2009 жылдан бері осы цехтамын. Алғаш келген күннен бастап ұжым қызу қарсы алды. Фабрикадан шығатын қалдықтарды қоймаға шашпай, төкпей жеткізудің арқасында біздің цех табысқа жетіп отыр. Қазіргі күні цехқа жастар көптеп келуде. Соларға жол көрсетіп, атқаратын жұмысына бағыт-бағдар берудемін. Ынталары тау қопарардай. Осы жылдар ішінде тәлім берген жастар фабриканың түрлі құрылымдарында жемісті еңбек етуде. Мен олармен мақтанамын, – дейді Ізбасар Райымбаев.

Кейіпкеріміз 1979-1981 жылдары Ауғаныстанда әскери міндетін өтеп, сұрапыл соғыстың қияметін көзбен көрген. Сондықтан ІзбасарРайымбаев жастарды бейбіт күннің, тыныштық заманның қадірін білуге үндеп отырады. Ауған соғысының ардагері, өндірі созаты Ізбасар Райымбаевтың кен байыту саласындағы еңбегінің жемісі ретінде бағаланатын үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі оның абыройын асқақтатып тұрғандай.

Оның ұлы Ғабиден әке жолын үлгі тұтып, №1 ұнтақтау корпусында жемісті еңбек етіп келеді.  Ол да өз кәсібінде сатылай өсіп, бүгінде энергетик атанды.

Сондықтан да ақырын жүріп, анық басқан Ізбасар Райымбаевтың еңбек жолы жемісті деп айтуға толық негіз бар.

Цехтың қым-қуыт тіршілігін, өндірістік үдерістерді реттеп, қондыр-ғылардың үздіксіз жұмыс жасауына бірден-бір жауапты маман иесі механик.

Осы міндетті абыроймен ақтарып жүрген Бекзат Қаратаевтың бұл салаға келгеніне ширек ғасырға жуықтапты. №1 бас корпустың флотация бөлімшесінде слесарь-жөндеуші болып еңбек жолын бастаған Бекзат Маратұлы технологияның «тілін» аға буыннан меңгерді. Бақыт Ысқақовтың мектебінде шыңдалған Бекзат аталмыш цехқа 2013 жылы келді.

– Мықты мектептерден өттік, сыналдық, шыңдалдық. Шыңдалудың арқасында бүгінгі күні жауапкершілігі мол қызметті атқарып отырмын. Жұмысты ұйымдастырудан бастап, қауіпсіздік саясатының дұрыс бағытта жүргізілуіне, қондырғылардың уақытылы іске қосылып, жұмыс жасауына тікелей бақылау жүргіземін, – дейді Бекзат.

Цехтың механигі қызметіне 2018 жылы тағайындалған Бекзат Маратұлы атқарылатын әрбір іске жауапкершілікпен қарайды. Қарамағындағы жігіттер де жауапкершілік өндіріс үшін басты қағида екенін біледі.

Аға буынның ісін жалғар жастардың бірі – Бағдат Кенжемұрат.  2017 жылы Жезқазған индустиралдық-гуманитарлық колледжін электрик мамандығы бойынша тәмамдаған Бағдат осы цехқа жұмыс қақабылданды.

Бес жыл ішінде ол кәсібініңқ ыр-сырына қанықты. Электрик әрі шебер Әмір Мағзұмның тәлімінен өткен Бағдат қазіргі күні электр жабдықтарын жөндеп, қалыпқа келтіруде тәжірибесі толысқан маманға айналды.

– Алдыңда мықты мектеп болса бәрін үйреніп, дағдылануға болады. Мен мықты мектепке тап болғаным үшін қуанамын. Тәлімгерім өзінің тәжірибесін бөлісуден қашпай, кәсібіме баулыды, – дейді Бағдат.

Екі жылдан бері цехта еңбек етіп жүрген Жайдарбек Жұбатқан да басшылықтың көңілінен шыққан жас маман. Мамандығына деген қызығушылығы басым жастың талабын мен талпынысын бірден байқаған  бригадир Бауыржан Әлмұханов Жайдарбектен мол үміт күтті. Жас маман да тәлімгерінің сеніміне селкеу түсірмей келеді. Жезқазған қаласындағы №9 технологиялық колледждің түлегі Жайдарбек Жұбатқан  энергетика мамандығы бойынша алдағы уақытта білімімді жетілдірсем деген ойын да айтып қалды. Талпынысы таудай жасқа сәттілік демекпіз!

Бағдат ҚАЗКЕНОВ
«Мысты өңір». Суреттер автордікі.

Бөлісу31Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

15.12.2023
«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

16.02.2024
Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

Бас прокуратурада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы цифрлық құралдар таныстырылды

13.12.2025
Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

Маңызды жолды қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді

12.12.2025
«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

«Қазақмыста» 2025 жылғы еңбек жарысының жеңімпаздары марапатталды

12.12.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру