Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мереке айшықтары

Көрісу – көңіл мен көктем мерекесі

17.03.2023
- Мереке айшықтары
0
Көрісу – көңіл мен көктем мерекесі
76
БӨЛІСТІ
211
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қазақ халқы салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа бай халық. Ұлтымыз сол дәстүрлер арқылы келер ұрпаққа жақсылық пен жамандықтың парқын ажырата білуге, үлкенді сыйлап, кішіге қамқорлық көрсетуді көздеген. Көнеден көнермей жеткен ұлттық мерекелеріміз де жыл санап халық санасында жаңғырып келеді. Міне, сондай мерекенің бірі – Көрісу күні.

Көрісу қазақ халқында ежелден келе жатқан, күні бүгінге дейін сақталған дәстүр. Бұл күні адамдар бір-бірімен амандасып, жақсылық тілейді, қауышады, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіреді. Таң сібірлеп атысымен, Көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарқанын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір-біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Сонымен қатар, әр отбасы көршілерімен көріседі.

Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен отбасыларға кіріп, көрісіп шығады. Қазақ қашанда дастарқанын айрықша қастерлеген. Бұл жоралғы жыл бойы тоқ жүріп, дастарқанымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған. Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре-сәре болғанжұрт осы қарқынмен Жыл бастауы – Наурыз мейрамын қарсы алады.

Жаңарып жеткен Көрісу күнін насихаттау мақсатында 14 наурыздаҰлытау облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасы мен облыстық қоғамдық даму басқармасы бірлесіп шаралар өткізді. Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әнуар Омар бастаған қызметкерлер ұлттық нақышта Көрісу күнінде қаламыздағы Гагарин, Бейбітшілік, Сәтбаев көшелерінің бойымен жүріп өтіп, аталмыш мерекенің мән-маңызын насихаттады.

Сондай-ақ оқыңыз

Сәтбаевта Наурыз кеңінен тойланды

Сәтбаевта Наурыз кеңінен тойланды

28.03.2025
Ұлытаулықтар Ұлыстың ұлы күнін сән-салтанатпен атап өтті

Ұлытаулықтар Ұлыстың ұлы күнін сән-салтанатпен атап өтті

28.03.2025

Шерушілер тобы С. Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрының алдына аялдап, жұртшылықпен қауышып, бір-біріне ақ тілектерін жолдады. Мерекегесайбезендірілгенсахнада театр ұжымы Көрісу күнінің маңызын айшықтайтын қойылым көрсетті.

– Көрісу күні – қыстан аман-есен шыққан жұрттың бір-бірін аман-есен көріп, қуанғанын, көктем мен көңілдің жарасым тапқандығын көрсететін мереке. Бұл мереке ата-бабамыздан бүгінге желісі үзілмей жетті. Осы асыл құндылықты біз әріқарай дамытып, насихаттауымыз керек. Осы ұйымдастырылған шара соныңбірпарасы. Шеру арқылы біз халқымыздың ұлттық құндылығын паш етуге тырыстық, – дейді басқарма басшысы Әнуар Серікбайұлы.

Әз Наурыздың бастамасы болған Көрісу күні көктем мен көңілдің мерекесіне айналып келе жатқандығы қуантады.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру