Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылдың 30 тамызында республикада бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қабылданды.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның Конституциясы бірнеше рет толықтырып, 1998, 2007, 2011 және 2017 жылдары өзгерістер енгізілді. Бірінше кезекте Конституция әр адамның құқығы мен еркіндігінің көрінісі, бүтін мемлекет идеологиясының келбеті болып қала береді. Конституция – біздің барша табыстарымыздың бастауы. Адамның және азаматтың құқықтық мәртебесін бекітудегі конституциялық құқықтың рөлі зор. Конституция – мемлекеттің негізгі заңы, жоғарғы заңнамалық күші бар ерекше нормативтік құқықтық акт. Конституция мемлекеттің саяси, құқықтық және экономикалық жүйелерінің негіздерін анықтайды.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу болып табылады.
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала осы Конституцияны қабылдай отырып, біздің қоғамның әрбір азаматы өз құқықтарын, міндеттерін және ережелерін сақтап, заңдарды құрметтеуге міндетті. Қазақстан Республикасының азаматтарына тегіне, нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан немесе кез-келген өзге мән-жайлар бойынша құқықтар мен бостандықтардың теңдігіне кепілдік беріледі.
Жыл сайын республикада бұл күн мемлекеттік басты мерекелерінің бірі ретінде аталып өтілуіне орай Конституция Күні қарсаңында қымбатты қазақстандықтарды құттықтаймыз және бейбітшілік, бірлік, бақыт, амандық және толағай табыс тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын!
Лунара Адамбекова,
Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот әкімшісінің басшысы.