Кеншілер мен байытушылардың мерекесіне орай «КәсіпҚорған» кәсіподағының Жезқазған филиалы «Қазақмыс» корпорациясының Жезқазған өндірістік алаңындағы кәсіпорындардың еңбеккерлерінің арасында «Көңілді мәре» жарысын ұйымдастырды.
Кеніштер мен Жезқазған байыту фабрикасының және де энергетика басқармасының еңбеккерлері спорттық шарада топтық ойындарда бақ сынады. Бірнеше спорттың түрін қамтыған жарыста Шығыс Жезқазған кенішінің командасы чемпион атанды. Топ құрамындағы ойыншылар Асылхан Тәліпов, Олжас Жанбосынов, Бейбіт Әбдіқадыр, Ажар Егізтай үздік ойын көрсетті.
Нұржан Есет, Асхат Ембергенов, Асқар Әбдікәрімов, Гүлден Тілеубаева, Сымбат Жайлаубаев сынды мамандардан құралған энергетика басқармасының командасы 2-орынды иеленді.
Көңілді мәре жарысының үшінші орны «Жомарт» кенішіне бұйырды. Топ құрамындағы Біржан Машурупбеков, Мақсат Қанат, Серік Сағатов, Динара Аушакимова және Әсел Диханова ерекше ойынмен көзге түсті.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.