Жексенбі, 18 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Көңілді күлкі көмкерген күн

20.09.2024
- Жаңалықтар
0
Көңілді күлкі көмкерген күн
110
БӨЛІСТІ
306
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Мыңдаған еңбеккердің басын біріктіріп отырған «Қазақмыс» корпорациясының түрлі құрылымдарында еңбек ететін жандардың қатарында қағытпа қалжың мен әзіл арқылы қоғамдағы шындықты жеткізіп жүрген дарын иелері баршылық. Осындай таланттылардың дарынын ашуда «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» Жастар одағы Көңілді тапқырлар клубының ойынын үзбей өткізіп келеді.

Дәстүрлі ойын биыл халқымыздан шыққан тұңғыш геолог, академик, Қазақ Ғылым академиясының іргесін қалап, президенті атанған, Үлкен Жезқазғанның атасы, дара дарын иесі Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы мен Сәтбаев қаласының 51 жылдығына арналды.  Әзілқойлар додасы «Jastar Bolashaq» Жастар одағы мен Сәтбаев қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Ойынға «Amanat» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Ұлытау облыстық филиалы мен «КәсіпҚорған» кәсіподағы демеушілік көрсетті. Қазылар алқасының құрамында республикалық «Жайдарман» ойындарының президенті Есен Елеукен, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет»  ӨБ Бас директоры Жасұлан Байниязов бастаған өңір азаматтары болды.

Академик атындағы қаланың тізгінін ұстаған Мұрат Бөрібаев ойынның шымылдығын құттықтау сөзімен ашып, командаларға сәттілік тіледі. Мұрат Ерболатұлы республикалық деңгейдегі өндіріс еңбеккерлерінің  көңілді тапқырлар ойынына арнайы келген Есен Елеукенге қазақы дәстүрге сай шапан жауып, құрмет көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыз

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025

– Біздің өңірдің өндірісін өрге бастырып қана қоймай, өнеріне де үлесін қосып жүрген жастардың бұл ойыны дәстүрге айналып келеді. Бір қуантарлығы – ойынның жыл сайын академик Қаныш Сәтбаевтың атындағы қалада өтуі. Әзіл-қалжың жарасқан ойындар кім-кімге болсын көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Сондықтан осы доданы жастар арасында дамытып отырған «Jastar Bolashaq» Жастар одағына алғысымызды білдіреміз, – деді қала әкімі Мұрат Бөрібаев.

Бұл жолғы ойын командалар арасындағы жекпе-жек ретінде ұйымдастырылды. Қарағанды, Балқаш, Жезқазған өңіріндегі корпорацияның негізгі құрылымдарынан бөлек, қызмет көрсетуші кәсіпорындардан да ойыншылар бақ сынады.

Он төрт команда қоғамда болып жатқан кейбір жайттарды қалжыңмен түйреп өтіп, астарлы әзілмен әжуалады.  Әрбір команда шыққанда жанкүйерлер ерекше қолдау білдірді. Көңілді күлкі көмкерген күні әрбір команда жеңіске жетуге ұмтылды. Ойын болған соң үздігі алға озып шығатыны белгілі.

Биылғы өндіріс еңбеккерлерінің көңілді тапқырлар ойынында әзіл-қалжыңы, ой тастар тұщымды дүниелері көптің көңілінен орын алған Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінің командасы Сәтбаев қаласы әкімі тағайындаған 500000 теңге мен арнайы кубогті жеңіп алды. Бірінші орынды «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС командасы алса, екінші орынды «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС командасы еншіледі.

Үшінші орын Шығыс Жезқазған кенішінің командасына бұйырды. Сонымен қатар, кіші кубок иегерлері де анықталды. Оған Жезқазған байыту фабрикасының, Балқаш қаласынан келген құрама команда мен «Жомарт» кенішінің командалары лайық деп танылды.

«Күлкі – адам өмірін ұзартатын бірден-бір құрал» деп жатады. Шын мәнінде шынайы күлкі адам денсаулығының қорғанышы іспетті. Ал, көпшілікке, соның ішінде ауыр өндіріс жағдайында еңбек етіп жүрген жандарға әріптестері риясыз күлкі сыйлап жатса, көңілдің де жадырап қалары сөзсіз.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу44Твитерге28
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру