Бейсенбі, 22 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Руханият

Көңілден шыққан кездесу

05.04.2024
- Руханият
0
Көңілден шыққан кездесу
96
БӨЛІСТІ
266
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Таяуда Жезқазған гуманитарлық колледжінде «JezQanat» әдеби-мәдени клубының ұйымдастыруымен көпшілікке рухани нәр сыйлаған жылы жүздесу өтті. Тақырыбы да «Тұлғамен кездесу» деп тауып қойылған екен. Бұл бір көңілден шыққан кездесу болды.

Дүйім жұрт «Дәридай» атап кеткен айтыскер ақын, Ұлытау ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұқаш Сейтқазиновтің біз білетін бүгінгі есімі де лақап аты болып шықты. Шыр етіп «Шеңбердің» топырағына кіндік қаны тамғанда азан шақырып қойған есімі Мұқанбетқали екен.

Шынтуайтына келсек, оның есімі тура қазір қалай аталғаны маңызды емес, мәселе танымал тұлғаның екінің біріне бұйыра бермейтін тума таланты мен текті табиғатында жатыр. Шағын «Шеңберде» туса да, шеңберге сыймайтын өрелі ойдың иесі ұлттық өнерді, салт-дәстүрді дәріптейтін, бағалай білетін жамиғатпен осындай бір кездесуді көптен күткені, сарыла сағынғаны әр сөзінен аңғарылып тұрды.

Көп күттірмей әсерлі әңгіменің тиегі ағытылды. Есті естелік айтылды. Өлең оқылды. Ұлт ұясы Ұлытаудың қасиетті топырағынан қанат қаққан айтыстың ақтанкері ағынан ақтарылды. Ақындық пен айтыс өнерін қатар өрген тума талант су төгілмес жорғадай тайпалды. Кездесуге арнайы келген ақынның ауылдас достары мен жанкүйерлері балалық шаққа саяхат жасап, бүгінгі шыққан биігін безбендеді.

Сондай-ақ оқыңыз

Қыл қобыздың абызы

Қыл қобыздың абызы

20.12.2024
Ұлы тұлға туралы көркем шындық

Ұлы тұлға туралы көркем шындық

24.10.2024

Талантты тұлғаның жалқы «кемшілігі» – домбыра шерте алмайтыны да назардан тыс қалмады. Ол қанша үйренуге талаптанса да осы өнердің өзіне қонбағанына өкінетінін жасырмады. Біздің ойымызша, домбыра тарта алмағаны дұрыс болған да сияқты. Небір дүбірлі айтыста көрерменнің делебесін қоздырған «Дәридай» бүгінде оның «төлқұжатына» айналып кеткендей…

Көңілден шыққан кездесуден кейін Мұқанбетқали Сейтқазинов оны ұйымдастырушылар мен сәтті өтуіне септігі тиген колледж директоры Айгүл Исаховаға, белсенділік танытқан ұстаздар қауымына, өлеңдерін мәнерлеп оқып, күмбірлетіп күй тартып, құлақтың құрышын қандырған жастарға ұшан-теңіз ақжарма алғысын айтты.

Әлібек ӘБДІРАШ.
Суретте: Кездесу кейіпкері (ортада) ұйымдастырушылармен бірге.

Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру