Бәсекелестіктің қазаны қайнап тұрғанда тұс-тұстан өз қызметін ұсынып жатқан түрлі ұйымдардың кереғар әрекеттері бүгінгі күні кәсіподақ жұмысына да өз әсерін тигізіп жатқаны жасыратын жайт емес.
Кеңес дәуірі тұсында кәсіподақ деген атынан сескенетін жағдайлардың да болғанын білеміз. Сол имиджді қалыптастыру жолында кәсіподақтар жұмысшы мүддесі үшін қандай қадамдарға баруы керек деген мәселе жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы ұйымның өзекті тақырыбы. Тау-кен, металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы аталмыш мәселенің төңірегінде тәжірибе қалыптастырған ұйым. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС сынды бірне шекомпаниялардың құрылымдарында өз жұмысын қалыптастыра алған кәсіподақтың бағыт-бағдарына «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС бас директоры Александр Федров қолдау білдіріп келеді.
Бұл аталмыш компанияда кәсіподақтың 1500 мүшесі бар. «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС-нің сындарлы саясатымен үндестік тапқан кәсіподақтың мұндағы жұмысы жүйелі.
Жақында «Қазақмыс МэйнтенансСервисиз» ЖШС бас директоры Александр Федров «КәсіпҚорған» кәсіподағы төрағасының орынбасары Абзал Жаңабергенов, Жезқазған филиалының аппарат жетекшісі Жанар Салықова және компаниядағы кәсіподақ комитетінің төрағасы Мәриямкүл Тәкішевамен сұхбат құрып, ұйым мен компания тарапынан бірлесе атқарған және атқаратын жұмыстар жөнінде кеңінен баяндады.
– Қазіргі таңда кәсіподақтар туралы мәселелер баршылық. Біздің компания еңбек қатынастарын реттеуге қабілетті, жұмысберуші мен жұмысшы арасындағы еңбек шартындағы көрсетілген міндеттемелерді реттеуге заң шеңберінде шешуге күші жететін ұйымды таңдауды ұйғарған болатынбыз. Біз өз таңдауымыздан қателескен жоқпыз. Компанияның саясатымен қабысатын кәсіподақтың стратегиялық бағдарламасы шеңберінде бірлесе отырып еңбек дауларын шешу, жұмысшыға жұмыс орнында қолайлы жағдай жасау, оларды сауықтыру және спорттық-мәдени шараларға тарту мен еңбегіне қарай бағалау сынды тұстары біздің көңілімізден шықты.
Алдағы кезеңдерде бірлескен жоспарларымызды «КәсіпҚорған» кәсіподағымен әрі қарай дамыта беруді көздеп отырмыз. Ұйымның компаниядағы тізгінін ұстап отырған комитет төрағасы Мәриямкүл Өмірбекқызының әрбір жұмысшыға деген ықыласының ерекше екендігін байқаймын. Сондықтан кәсіподақ комитеті әлі талай белестерді бағындырады деген сенімдеміз.
Қазіргі таңдағы біздің басты міндетіміз – тау-кен, шахта жабдықтарызауыты мен «Жезқазғансервис» кәсіпорнында техникалық инспекторлардың жұмысын қолға алып, жандандыру. Техникалық инспекторлар еңбек жағдайын басты назарда ұстаушылар, – деді компания басшысы.
Ашық әңгіме өрбіген кездесуде компанияның бас директоры Александр Федров жүйелі жұмыстарға әрқашан қолдау білдіретіндігін жеткізді.
Кәсіподақ өкілдерімен диалогтан соң Александ Эдуарович компанияның атын спорттық бәсекелерде қорғап жүрген споршылармен кездесті. Спортты серік еткен компания қызметкерлеріне сәттілік тілеген басшы алдағы бәсекелерде де компания мен «КәсіпҚорған» кәсіподағы тарапынан қолдау болатынын айтты.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.