«Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС қарайтын тау-кен, шахта жабдықтары зауыты биылғы жылы өндірісте жаңа технологияларды іске асыруға кірісті. Мұндағы цехтарда сырттан сатып алынатын өндіріске қажетті тауарлардың саны едәуір азайып, оны цехтарда дайындаудың тиімді тетігі қалыптасып үлгерді.
«Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС Бас директоры Саят Бәкіровтің кәсіпорнында жаңа талапқа сай технологияларды жетілдірудің стратегиясы жүзеге асырылуда. Осы тұрғыда зауыттың механикалық цехында «Жезқазғансервис» кәсіпорнына қажетті өнімді өндірудің межелі міндеті қойылды.
Бұл бағытта цех тамыз айынан бастап тау-кен, шахта жабдықтарын дайындаудың көлемін ұлғайтты. Нәтижесінде тамызда 1940 бірлік дайындалса, қыркүйекте оның саны 2846-ға жетті. Қазан айындағы цехтың өнім өндірудегі көрсеткіші 2000 мыңнан кем түскен жоқ.
Бас директор Саят Бәкіровтің тапсырмасына сай, жыл соңына дейін инвестициялық бағдарлама шеңберінде екі темір жону-бұрандалы кескіш станогы сатып алыну жоспарлануда. Бұл жабдықтар өз кезегінде өндірістік қуатты арттырады және өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда, мұндай оңтайлы өзгерістер кәсіпорынның көкжиегін кеңейтіп отыр.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.