Сәрсенбі, 4 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс өрісі

Көгалдандырудың шеберлері

02.06.2023
- Өндіріс өрісі
0
Көгалдандырудың шеберлері
94
БӨЛІСТІ
262
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Нұрқазған» байыту фабрикасының әкімшілік-тұрмыстық кешенінде үнемі қызу жұмыс жүріп жатады. Мезгілдің қай кезеңі болсын мұндағы жұмысшылар өндіріс ошағының айналасын таза қалыпта ұстауға баса мән береді.

Әрбір кәсіпорынның тұрмыстық шаруашылығын реттейтін құрылымның бірі де бірегейі осы құрылым.  Светлана Әбиеваның жетекшілігіндегі әкімшілік- тұрмыстық кешен шаруашылығында  24 адам еңбек етуде.  Бақша күтушісі, кіші техникалық қызметкер сынды кәсіп иелері фабрика ғимаратының мұнтаздай таза, айналасының көркемдігіне үлестерін қосып келеді.

– Көктем шыға фабриканың айналасын абаттандыру жүзеге асырылады.  Арнайы белгіленген аумаққа гүлдер отырғызылып, талдар егіледі. Мұның барлығын қарамағымдағы қыз-жігіттер ың-шыңсыз атқарады.  Көктемнен қара күзге дейін соларды күтіп, баптау тұрмыстық кешен жұмысшыларының міндеті, – дейді Светлана Тұрсынқызы.

Сондай-ақ оқыңыз

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024
Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

Кен ұсақтау кешенінің қуаты артуда

06.12.2024

Мұндай абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары «Нұрқазған» кенішінің аумағында да жыл сайын жүзеге асады. Қарлығаш Сатыбалдықызы бастаған тұрмыстық кешен жұмысшылары абаттандыру, тазалық жұмысына жауапты. Біз қос өндіріс алаңына барғанымызда гүл отырғызу, тал егу сынды жұмыстар қызу жүріп жатқанына куә болдық.

Көгалдандыру жұмыстарымен шұғылданып жүрген Дина Асылбаева емен-жарқын жүзді жан екен.  Бір өзі гүл отырғызып, кеніштің аумағын абаттандырып жүрген Дина Сәкенқызы «Нұрқазғанда» екі жылдан бері еңбек етіп келеді. Қарапайым еңбек адамының арқасында кеніштің айналасы гүлденіп-ақ тұр.

– Биыл аумаққа 2 мыңнан аса тұп гүл отырғызылды. Оның арасында раушан гүлдері де бар. Кейде гүл отырғызу біздің климатта қолайсыз болғанымен оны баптап-күтудің арқасында күзге дейін жайқалып тұрады. Менің мамандығым бақша күтуші болмаса да  өзіме жүктелген жұмысты жауапкершілікпен атқарамын. Болашақта осы аумақтан бақ қалыптастырсам деген ойым бар. Менің бұл идеямды жүзеге асыруға әкімшілік-тұрмыстық кешен басшысы Қарлығаш Сатыбалдықызы қолдайды деп сенемін. Жалпы мен гүл егіп, бау-бақшада еңбек еткенді ұнатамын. Бұлар да жаратылыс иесі болғандықтан оларға ерекше күтім керек, – дейді Дина Сәкенқызы.

Көгалдандырушы бола жүріп, еңбегімен  ұжымның көңіліне шыққан Дина Сәкенқызының отырғызған гүлдері жайқалып, жаз бойы кеніштің көркіне-көрік қоспақ. Бұл еңбек адамын шабыттандыратын іс деп біліп, бағалай білу керек.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру