Бейсенбі, 15 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Кітап – ұлттық құндылық

23.04.2025
- Жаңалықтар
0
Кітап – ұлттық құндылық
94
БӨЛІСТІ
261
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Рухани білімнің, рухани мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап» деген құдіреттен тапты. Кітап – таусылмас рухани қазынаның негізі, негізі ғана емес, бастауында тұрған кәусар бұлағы. Кітаптың құндылығын ұғындыру мақсатында руханият ордасында кітап мерекесі аталып өтті.

Адамзаттың аса бағалы құндылықтарының бірі – кітап. Бұған мемлекет мән беріп, қоғам тарапынан баса назар аударылып келе жатқаны – құптарлық жайт. Өйткені осынау құндылығымыздың өзегінде халқымыздың бар болмысы, жаны, арман-тілегі, мәдениеті, салт-дәстүрі, тарихы жатыр.

«Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», – деді Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде. Осыған байланысты, Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» бекітілді.

Биыл алғаш рет атап өтілетін атаулы күнге орай еліміздің барлық кітапханаларында ұлттық кітап апталығы басталды. Уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі саналатын кітап мерекесіне орай Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасында «Кітап-ұлттық құндылық» атты библиокафе ұйымдастырылды. Іс-шараның алғашқы құттықтау сөзі Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Мағжан Табылдинге берілді. Мерекелік кештің қадірменді қонақтары төрт дастарханға жайғасты.

Сондай-ақ оқыңыз

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025

Бірінші үстелде өлкеміздің ақын-жазушылары, қаламгерлері отырса, екінші дастарханда кітапхана жанашырлары, рухани ордаға кітап сыйға тартқан жандар жайғасып, үшінші үстелде кітапхананың тұрақты жұмысшы оқырмандары орын алды.

Ал, төртінші үстелде өлкеміздің жас ақындарынан құралған «Ұлар» әдеби клубының мүшелері отырды. Әр дастарханның арнайы ас мәзірі жасалып, қонақтарға ұсынылды. Ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұқаш Сейітқазиновтың «Гиннес-қымызмұрындық» өлеңіне байланысты қазақтың ұлттық тағамы  ет тартылып, қымыз берілді.

Ақын, сазгер Гүлсін Айдарбекованың « Бір үзім нан» өлеңіне қатысты бауырсақтың түрлері қойылды. Ақын Кәкімбек Салықовтың «Шахтер қуанышы» өлеңіне негізделген «Шахтер» салаты жасалды. Жас ақын Абай Ораздың «Жауқазын» атты өлеңіне сәйкес жеміс-жидектерден гүл қойылды.

Мемлекет басшысы 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осыған орай, Жезқазған музыкалық колледжінің студенттері «Жұмысшы» биін биледі.

Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медет Мұқажанов қорытынды сөз сөйлеп, ақын Мұқаш Сейітқазиновке «Сөз маржанын терген ақын», кітапхана майталманы Шәрипа Капкееваға «Даналық дәнекері», өндіріс маманы Ерболат Олжабекұлына «Кітапхана жанашыры», кенші Бейбіт Шайхымбаевқа «Үздік оқырман – 2025», жас ақын Құрмет Тілеулиновке «Жалынды ақын» номинацияларын табыс етті.

2025 жылдың атаулы күндеріне арналған Ұлы Жеңістің 80 жылдығына “Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!”, 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылына орай “Жұмысшы-мерейлі мамандық” және “Сирек кітаптар -құнды мұра”, «Кітап – дәуір айнасы» атты дәстүрлі емес кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Бұрыңғы іс-шаралардан өзгеше өткен іс-шара Мұқағали Сейітқазының сөзіне жазылған, Нұрлан Мұсабековтың орындауындағы «Менің қалам» атты әуезді әнімен тәмамдалды. Өлке ақын-жазушыларының, қаламгерлерінің шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған тағылымды іс-шара көпшіліктің ерекше ықыласына ие болды.

Әсел БІРӘЛІ, Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасының  оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы.

 

Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру