Жұма, 18 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мұқаба

Халыққа жақын «Қаратал»

17.06.2022
- Мұқаба
0
Халыққа жақын «Қаратал»
73
БӨЛІСТІ
203
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

 

Тоқсаныншы жылдардың тоқырауында еншісін алып, 1996 жылдан бері  жеке емхана ретінде халыққа қалтқысыз қызмет жасап келе жатқан «Қаратал»  емханасының ұжымын көпшілік осылай әспеттейді.  Шындығында да қараталдық ақ желеңді абзал жандар  халыққа жақын.

Емханаға кіргеннен кішіпейілдік танытып,  дертіне дауа іздегендердің көңілін демеп,  дертіне шипа дарытады.   Елімізде медицина саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген Денсаулық сақтау ісінің үздігі,  жоғарғы санатты балалар дәрігері  Жұмакүл Қалмағамбетова  басшылық жасайтын ұжымда қазіргі таңда 25 медицина қызметкері бар.  Қаладағы ОДА-дан жолдама арқылы  келген тұрғындарға  мұнда жүйке жүйесі,  асқазан ауруларын емдейтін  мамандар, оташы, сынықшы,  көз дәрігері, гинеколог және т.б мамандар  қызмет көрсетеді.   Физио емдеу бөлмесінің,   күндізгі  стационарлық емдеу бөлімшесінің жұмысы жолға қойылған.  Флюрографиялық қызметті де осында табасыз.

Емхана жоғарғы және бірінші санатты мамандармен қамтылған.  Жоғарғы санатты дәрігерлер  Манат Қыздарбекова,  Алла Ищенко,  жоғарғы санатты медбибілер  Галина Степина, Лиза Бозшина, Дина Жанұзақова емделушілерге қамқорлықпен қарауда.

– «Қаратал» емханасы құрылған 26 жыл ішінде жезқазғандықтарға жауапкершілікпен қызмет етуде.  Біздің  дәрігерлер мамандығына адалдық танытып келеді.  Осы емханада еңбек етіп, қазіргі таңда елордасында мамандығы бойынша жұмысын жалғастырып жүрген сексеннің сеңгіріндегі  Тыныштық Бейсембаева ұжымымыздың мақтанышы.  Т.Бейсембаева  Қарағанды облысы әкімінің сыйлығының иегері. Жас мамандарды өз ісіне баулуда оның еңбегі ұшан-теңіз.  Төл мерекеміздің қарсаңында  емханамыздың аға медбибісі  Галина Степина мен  Лиза Бозшина  «Медицинаға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталады. Бұл біз үшін үлкен жетістік әрі абырой, – дейді Жұмакүл  Әбдіқадырқызы.

Сондай-ақ оқыңыз

Жылу желілерін жаңғыртуға Үкімет қаржы бөлді

Жылу желілерін жаңғыртуға Үкімет қаржы бөлді

10.01.2025
10 мың балаға қуаныш сыйлады

10 мың балаға қуаныш сыйлады

27.12.2024

Халықтың алғысына ие болған қараталдықтар биылғы кәсіби мерекеге осындай зор табыспен жетіп отыр.  Ұжымды біз де кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Суретте: жас маман–медбибі  Эльмира Ерғалиева,  бас медбибі  Галина Степина,  емхана басшысы Жұмакүл Қалмағамбетова мен жоғарғы сантты дәрігер Алла Ищенко.

 

 

Бөлісу29Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

«Доңғалақ» па,«дөңгелек» пе?

26.01.2024
Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

15.07.2025
Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

Президенттің ел экономикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау: Үкімет жарты жылда ЖІӨ-нің 6,2% өсімін қамтамасыз етті

15.07.2025
Нысандарда болды, тапсырма берді

Нысандарда болды, тапсырма берді

11.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру