Сәрсенбі, 9 Шілде , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бағдар

Халықаралық турнир мәреге жетті

10.11.2023
- Бағдар
0
Халықаралық турнир мәреге жетті
96
БӨЛІСТІ
268
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазғанда «Қазақмыс» корпорациясы мен Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы бірлесіп ұйымдастырған «KAZAKHMYS OPEN» екі күндік ашық халықаралық үстел теннисі турнирі өз мәресіне жетті.

Турнирге 90 спортшы қатысты. Олардың сапында 26 теннисші Ұлытау облысының атынан келсе, 60-ы Қазақстанның он бір қаласы мен аймағынан жиналды, тағы екеуі Ресей Федерациясынан келді. Айта кету керек, әуесқой теннисшілер арасында «Қазақмыс» құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері де бар.

Жарыста әуесқой теннисшілермен қатар танымал кәсіпқой спортшылар да өз бақтарын сынады. Атап айтқанда, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ресейдің үш дүркін чемпионы, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Анна Тихомирова, Тараз қаласындағы теннис клубының жаттықтырушысы Евгений Груздов, Қазақстанның бесінші ракеткасы, Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы, спорт шебері Айя Әлімбаева, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сарвиноз Миркадирова және Ресей Федерациясының спорт шебері, 2018 жылғы Ресей Кубогының чемпионы, 2021 жылғы Ресей Кубогының және Ресей Федерациясы біріншілігінің қола жүлдегері, қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы құрамасының чемпионы Иван Никулин де бар.

Ойыншыларды халықаралық турнирдегі жеңістерімен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы құттықтап, турнир қатысушыларын марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыз

Төлеген БҮКІРОВ,  Ұлттық құрылтайдың мүшесі:  «Ұлы  даланың ұлық жиыны –  қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін алаң»

Төлеген БҮКІРОВ, Ұлттық құрылтайдың мүшесі: «Ұлы даланың ұлық жиыны – қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін алаң»

14.02.2025
Аймақ дамуының айқын бағыттары

Аймақ дамуының айқын бағыттары

10.01.2025

– Біздің жаңа облысымызда Ұлытау, Жезқазған, Сәтбаевта тамаша спорттық іс-шаралар және үстел теннисінен «KAZAKHMYS OPEN» халықаралық турнирі өткізіледі. Бұл осындай ауқымдағы соңғы турнир емес екеніне сенімдімін, болашақта біз Ұлытау облысындағы кәсіби бұқаралық спортты дамытуға серпін беретін көптеген осындай шараларды күтеміз, – деп құттықтау сөзінде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Нұрахмет Нұриев атап өтті.

Турнирдің қырық тоғыз қатысушысы жасөспірімдер санатында бақ сынасты. Қыздар арасында Шұғыла Мұқаш бірінші, Еркежан Тілегенова екінші, Аружан Тілегенова үшінші орынды иеленді. Ұлдар арасында Заңғар Тағабек үздік нәтиже көрсетсе, Ақыл Мақан екінші, Арсен Қабдулов үздік үштікті түйіндеді.

Әйелдер арасында кәсіпқой спортшылар санатында Анна Тихомирова бірінші, Сарвиноз Миркадирова екінші, Гүзел Торшаева үшінші орынға ие болды. Ерлер арасында Иван Никулин бірінші, Евгений Груздов екінші, Сағантай Құрмамбаев үшінші орынға табан тіреді.

«KAZAKHMYS OPEN» ашық халықаралық турнирі – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және «Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы» ҚБ бірлескен спорттық іс-шарасы. Айта кетейік, биыл федерация өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтуде және «KAZAKHMYS OPEN» турнирін өткізу спорттың барлық әуесқойлары үшін жақсы мүмкіндік болды.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.

Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Дулығалы мешіті

Дулығалы мешіті

27.01.2023
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Журналистерге құрмет үш күнге ұласты

Журналистерге құрмет үш күнге ұласты

04.07.2025
Автоматтандырылған жүйенің жағдайымен танысты

Автоматтандырылған жүйенің жағдайымен танысты

04.07.2025
Қаржы вице-министрі: «Әрбір жоба халық игілігіне қызмет етуі керек»

Қаржы вице-министрі: «Әрбір жоба халық игілігіне қызмет етуі керек»

04.07.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру