Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мереке айшықтары

Кеншілер сарайын күлкі көмкерген күн

16.12.2021
- Мереке айшықтары
0
Кеншілер сарайын  күлкі көмкерген күн
94
БӨЛІСТІ
261
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

Сәтбаевта Наурыз кеңінен тойланды

Сәтбаевта Наурыз кеңінен тойланды

28.03.2025
Ұлытаулықтар Ұлыстың ұлы күнін сән-салтанатпен атап өтті

Ұлытаулықтар Ұлыстың ұлы күнін сән-салтанатпен атап өтті

28.03.2025

Ата-баба аңсаған азат күннің орнап, Тәуелсіз қазақ елінің көк Туы әлем назарын аударып, көкте желбірегеніне биыл – 30 жыл. Тәңірдің баға жетпес сыйына баланатын Тәуелсіздіктің арқасында еліміз қай салада болсын табысқа жетіп келеді.

Мыс алыбы саналатын «Қазақмыс» корпорациясының ел экономикасын әлдендірудегі қарышты қадамдары аймағымызда да көрініс табуда. Әлеуметтік қолдаудан бөлек, өндіріс жастарының мәдени орта қалыптас-
тырып, жұмыстан тыс уақыттарын пайдалы істерге бағыттауына да корпорация демеушілік танытуда. Соның бір жарқын дәлелі ретінде «Қазақмыс» корпорациясы құрылымдарында еңбек ететін жастардың көңілді тапқырлар клубын айтуға болады. Әзіл-қалжыңды серік еткен жастардың басын бір арнаға тоғыстырған клубтың ойынына «Қазақмыс» корпорациясы еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» Жастар одағы серпін беріп келеді.
Ел Тәуелсізідгінің 30 жылдығы қарсаңында аталмыш жастар ұйымы Сәтбаев қаласындағы Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында «Тәуелсіздік жастары» атауымен көңілді тапқырлар клубының фестивалін ұйымдастырды. Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев өндірістік алаңдары мен Қарсақбай мыс қорыту зауытынан 18 команда бақ сынаған ойында үздіктер анықталды.
Қағытпа қалжың, әжуа әзілмен екі күн бойына көрермендерге күлкі сыйлаған құрама командалардың ойыны тартысты да қызықты өтті. Күлкі «ауылының» майталмандары саналатын азаматтар өз командаларының әзіл-қалжыңының мән-мағынасына ерекше көңіл бөлді. «Қазақмыс» корпорациясы, «Nur Оtan» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы, Тау-кен металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы демеушілік жасаған ойында үздік деп танылғандарға кубок пен ақшалай сыйлық табысталды.
Екі күн күлкі әлемінің құдіретін сездірген ойыншылар қатарынан Бас жүлдені Шығыс Жезқазған кенішінің құрама командасы жеңіп алды. Жеңімпазға «Қазақмыс» корпорациясы тағайындаған 400 мың теңге ақшалай сыйақы мен кубок табысталды. «Nur Оtan» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы тағайындаған бірінші орынның жүлдесі – 300 мың теңгені «Қазақмыс Мэйнтенанс Сервисиз» ЖШС иеленсе, «КәсіпҚорған» кәсіподағының екінші орынға тіккен 200 мың теңгесін «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС командасы алды. Кәсіподақтың үшінші орын жүлдесіне Сәтбаев қаласындағы жылу энергетикасы кәсіпорнының құрама командасы лайық деп танылды. Жүлдені «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы Ерболат Сатыбалдин табыстап, жастардың шығармашылық ізденістеріне алғысын білдірді.
Балқаш командасына Сәтбаев қаласы әкімінің кубогы бұйырса, «Транко Жез» ЖШС Жезқазған қаласы әкімінің сыйлығын иеленді. Қос командаға 100 мың теңгеден тапсырылды. Қарсақбай мыс қорыту зауытының командасы «Жыл жаңалығы» номинациясында топ жарып, 100 мың теңгені еншіледі.
Ал, Жезқазған жылу-электр орталығы, құю-механикалық зауыты, энергожөндеу мамандандырылған басқармасы «ЖасStar» номинациясын еншіледі. Жезқазған мыс қорыту зауыты «Жаңа толқын», Ғ. Омаров атындағы шахтапроходкалау тресі «Креатив», «Жыланды» кеніші «Көңілді», «Жомарт» кеніші «Сахна сәні», Жезқазған байыту фабрикасы «Ерекше стиль» номинацияларымен марапатталды. Сонымен қатар, «Қорғау қызметі» ЖШС «Фестиваль көркі», «Батыс» кеніші «Драйв», Энерегтика басқармасы «Жұлдызды жастар», Қарағандыдан келген машина жасау зауыты командасы «Әуезділік» номинацияларына лайық деп танылды. Бұл командаларға 50 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.
Ерекше өнерімен көзге түскен жекелеген ойыншылар да жүлдесіз қалмады. Энергетика басқармасының жұмысшысы Айбатыр Орынбасар «Үздік капитан», «Жыланды» кенішінен Нысанәлі Бекмұрза «Үздік фронтмен», «Жомарт» кенішінен Сержан Байдаралинов «Фестивальдің үздік ойыншысы» атанды.
«Jastar Bolashaq» Жастар одағының жастар саясатын жүзеге асырудағы бұл жоба алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Бағдат АЙТӨРЕ.

Таңбалар: «Jastar Bolashaq» Жастар одағы
Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру