Сәрсенбі, 21 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Кеншілер мерекесі

ерекше форматта өтті

30.08.2024
- Жаңалықтар, Мереке айшықтары, Мұқаба
0
Кеншілер мерекесі
87
БӨЛІСТІ
242
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Өткен аптада Сәтбаев қаласында Кеншілер мен Байытушылар күні аталып өтті. Жыл сайын, тамыздың соңғы жексенбісінде тойланатын бұл кәсіби мереке биыл ерекше форматта көрініс тапты. Мереке иегерлері – кеншілер мен байытушылар салтанатты шара өтетін зәулім сарай «Royal Rolls» тойханасына қызыл кілем арқылы көтерілді.

Халық арасында «Шахтерлер күні» деген атпен мәлім мереке алғаш рет 1947 жылдың 10 қыркүйегінде бекітілген екен. Мереке тәуелсіз Қазақстанда Кәсіби мерекелер тізбесіне «Кеншілер күні» деген атпен 2003 жылғы қарашада енгізілді. Мереке биыл 77-рет аталып өтті.

Көмір өндірісіндегі кеншілердің еңбегін дәріптеуге негізделген мереке болғанымен оның шыңыраудан кен қазып, ел байлығын еселеп жатқан өзге де кеншілерге жаттығы жоқ. Осы мерекені өңіріміздегі іргелі өндіріс ошағы «Қазақмыс» корпорациясының кеншілері де дәстүрлі түрде тойлап келеді. Үлкен Жезқазған тарихына, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне тікелей мұрындық болған бұл маман иелерінің ерен еңбегіне ел бірнеше ондаған жылдар бойы құрмет көрсетіп келеді. Осы жылдар аралығында кенші қауымы ел экономикасына орасан үлес қосудан бір танған емес. «Қазақмыс» компаниясының әлемдегі мыс алыптарының ондығынан орын алуында мыңдаған кеншілердің табанды еңбегі бары ақиқат. Осы жылдар ішінде кеншілердің дүркін-дүркін әулеті қалыптасты. Атадан әкеге, әкеден балаға, баладан немереге жалғасқан кенші мамандығы – бұл жылдар ішінде қадірін бір кеміткен жоқ.

Міне, шыңырауда көк тас қопарып жүрген кеншілер қауымына биыл да ерекше құрмет көрсетілді. Кәсіби мерекені «Қазақмыс» кеншілері байытушылармен бірге атап өтті. «Қазақмыс» компаниясы Сәтбаев қаласында салтанатты кеш ұйымдастырып, еңбек озаттарын марапаттады. Еңбек озаттарын «Қазақмыс» корпорациясының Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев құттықтады.

– Кенші және Байытушы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Шаңырақтарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Құрметті ардегерлер, қазіргі еңбек, қызмет істейтін әріптестер Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен өз мамандықтарыңызға адалдықтарыңыз үшін мың алғысымды білдіремін, – деді «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев өз сөзінде.

Сондай-ақ оқыңыз

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025

Салтанатты кеште дәстүрлі «Қазақмыс» жұлдыздары» сыйлығының жеңімпаздары анықталды. «Үздік бұрғылаушы», «Үздік тәлімгер» секілді 35 аталым бойынша үздіктер марапатталды. Солардың бірі – «Шатыркөл» кенішінің машинисі Ербол Қонақбаев.

– Осы корпорациямен өсіп-өніп, осындай дәрежеге жеттік. Рақметім шексіз. Шахтер әріптестеріме денсаулық тілеймін, «кровлялары» мықты болсын. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отыра, осындай үлкен табыстарға, жетістіктерге жете берулеріне тілектеспін, – дейді Ербол ағынан жарылып.

Орайы келгенде айта кетейік, мыс өндірісі бойынша әлемде үздік ондыққа кіретін компанияда бүгінде 40 мыңға жуық адам еңбек етеді. Соның 26 мыңы – кеншілер мен байытушылар. Кәсіби мерекеде олардың ешқайсысы назардан тыс қалмады.

Ерекше форматта өткен кеште кеншілер мен байытушылардың құрметіне өнер жұлдыздары әуелете ән салды.

Ізтай Белгібайұлы.

Бөлісу35Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

20.05.2025
Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

Еңбекте ерлеген Ерғазиновтар

16.05.2025
Кеңгірге газ келеді

Кеңгірге газ келеді

16.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру