Жексенбі, 18 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Еңбек адамы

Кеншілер әулетінің өкілі

Ұлағат

19.05.2023
- Еңбек адамы
0
Кеншілер әулетінің өкілі
100
БӨЛІСТІ
278
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жеті қат жерастындағы ен байлықты игеру жолында шахталарда бірнеше құрылым қат-қабат жұмыс атқарады. Әрбір телімнің өз жоспары, алдына қойған мақсат-міндеті бар. Жаңа үлгідегі техникалар кен алып жатыр демесеңіз, оны басқару мен қауіпсіз жұмыс атқару адамның қол еңбегі мен ойын қажет етеді.

Қарапайым еңбек адамының күш-жігерінің арқасында кен өндіру ісі аймағымызда сәтімен жүзеге асып келеді. Еңбекке деген құлшынысының арқасында бүгінде құрметке кенелген кеншілердің қатарында қырықтың қырқасына шыққан Алданыш Қызыров кен қаһармандарының ізі қалған Оңтүстік Жезқазған кеніші №65 шахтаның озат еңбеккері. Оның омырауында үшінші және екінші «Кенші даңқы» төсбелгісі жарқырайды. Алданыш Әбдіғамитұлы аталмыш шахтаның №15 аттыру-жару телімінде бригадир. Алмаз Сартов басшылық жасайтын телімдегі озат кенші ағаларының жолын жалғап, өзінен кейінгілерге өнеге болуда.

– Кен өндірісінде 2006 жылдан бастап еңбек етудемін. Негізг імамандығым электр-газбен дәнекерлеуші әрі жүргізуші болғанымен, алдымда сара жол салған ағаларым Қуаныш, Қаныш Әбдіғамитұлының ізін бастым. Қуаныш ағам осы №15 телімде ұзақ жыл еңбек етіп, кейін №67 шахтаға ауысты. Ал, Қаныш ағам «Жомарт» кенішінің қалыптасуына үлес қосты. Қос ағамның жолын лайықты жалғастырып келемін деп ойлаймын.

Сондай-ақ оқыңыз

Ел үшін туған азамат

Ел үшін туған азамат

25.04.2025
Білікті маман, іскер ұйымдастырушы

Білікті маман, іскер ұйымдастырушы

14.02.2025

Күрдел кен қатпарларын жару жұмыстары өте қауіпті әрі сақтықты қажет етеді. Сондықтан бұл істе жауапкершілік басым болуы керек. Телімде 18 адамеңбек етеді. Бригадамдағы сайдың тасындай іріктелген жігіттер жоспардың уақытылы жүзеге асуына үлес қосып келеді. Ұжым мақтаныштары Сәрсенбай Дүйсенов, Әшкен шахманов сынды еңбек озаттарының «Кенші даңқы» төсбелгісімен еңбектері бағаланды.

Мен еңбектің арқасында отбасымды бақытқа бөлеп отырмын. Өмірлік серігім Анар Жаңабайқызы сыйлаған баға жетпес 6 баламның жүзінен бақытты балалық шақтың ұшқынын көрем. Жұмыстан шаршап келгенде солардың жылы да шуақты жүздерін көргенде бар қиындықсейіліпкетеді. Бұл әке үшін үлкен бақыт емес пе? Еңбек әулетінің өкілі ретінде мен өз мамандығыма адалдық таныту арқылы табысқа жетіп келемін.

Ізімізден келе жатқан жастарды да масылдыққа салынбай, адал жолмен еңбек етуге үндеймін. Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүретін заман қазір өтті. Сондықтанжастар тура жолменжүріп, маңдай термен нан табуға тырысу керек, – дейді Алданыш Әбдіғамитұлы.

Озат кенші өз саласында майталман болса, отбасында ардақты әке, арқасүйер отағасы. Құдай қосқан қосағы Анар Мусина көп балалы ана. Отағасының шаңыраққа әкелген табысын балалары мен отбасы ырысына жаратып отырған Анар Жаңабайқызы өнегелі келін. Ал, отбасының тірегі Алданыш Қызыров еңбегімен еңселі азамат.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу40Твитерге25
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру