Сейсенбі, 3 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс» құрылымдарында

Кеншіге қамқорлықтың кешенді көрінісі

17.06.2022
- «Қазақмыс» құрылымдарында
0
Кеншіге қамқорлықтың кешенді көрінісі
87
БӨЛІСТІ
241
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Кеншілер қаласынан оңтүстік-батысты бетке алып шыққанда, сүт пісірімдей уақыт өткен соң, күре жолдың сол жақ қапталынан шағын қалашық көзге түседі. Бұл – кейінгі кезде қарқынды дамып келе жатқан «Жыланды» кеніші.

Бірнеше ғимараттың арасынан көк түспен көмкерілген еңселі әкімшілік-тұрмыстық кешені еріксіз назар аудартады. «Мұндай кешеннің баламасы әзірге республикада жоқ» дейді, жол бастап келе жатқан «КәсіпҚорған» салалық кәсіподағына қарасты кеніштегі бастауыш ұйым басшысы Сәкен Смағұлов. Айтса айтқандай-ақ екен!

 

Былтыр күзде пайдалануға берілген әмбебап әкімшілік-тұрмыстық кешен – «Қазақмыс» кейінгі кезде қолға алған аса ауқымды жобаның кезекті кезеңі. 6,7 га немесе 12 000 шаршы метрден астам аумақты алып жатқан, заманауи жетістіктің соңғы нұсқасына негізделіп салынған онда кеніште еңбек ететін адамдар үшін жанға жайлы барлық жағдай жасалған. Қолайлы және қауіпсіз жағдай қалыптастыру үшін бас мердігер «Tansu Construction» компаниясы бастаған құрылысшылар әлемді әбігерге салған індет кезіндегі кейбір кедергіге қарамастан сапалы жұмыс атқарғанын айта кеткен артық болмас.

Сондай-ақ оқыңыз

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024
Академик есімі қайта оралды

Академик есімі қайта оралды

22.11.2024

 

Денсаулық бекетінің меңгерушісі Н.Амантаева.

Әкімшілік-тұрмыстық кешен құрамында заманауи бақылау-өткізу бекеті, екі қабатты көпатқарымды тұрмыстық және әкімшілік ғимарат, 200 орындық асхана, маңдайшам беретін орын, денсаулық бекеті және жүзден астам жеңіл автокөлік қоятын орын бар. Кез-келген тұрмыстық қызметті басқару автоматтандырылған. Диспетчерлік орталықты бағдарламалық қамтамасыз ету арқасында барлық бақылау қарапайым веб-интерфейсте интерактивті мнемосұлбаның көмегімен жүзеге асырылады. Мәселен, жуынатын жерге автоматты түрде су үнемдейтін сантехника қойылған.

Кешеннің қауіпсіздігіне қызметкерлердің кәсіпорынға келгенін бақылап-басқаратын автоматтандырылған жүйе жауап береді. Жұмысқа тұрғанда әрбір адамға әмбебап кілт-карта тапсырылады. Сол арқылы кешен аумағына өтуге, тұрмыстық аймақтағы жеке шкафын ашуына, дәрігерлік бақылаудан өтуіне,  асханадан тамақтанғанда ақысын төлеуіне, жұмыс киімін алуына болады.

Асханада

Тұрмыстық корпус бірнеше аймақтан тұрады. Сәкен болмағанда, адасып-ақ кететіндей екенмін. Алдымен киім ауыстыратын аймаққа алып барған ол: «Мұнда таза және жұмыс киімі жеке-жеке шкафқа қойылады. Дымқылданған жұмыс киімі келесі ауысымға дейін кеуіп тұруы үшін ол шкафқа жылы ауа жіберіледі. Кеншінің жек мүлкі қолды болып кетпеуіне американдық «Zephyr Lyon» құлпы жауапты. Оның сенімді екеніне өткен уақытта әбден көз жетті» дейді ол.

Екінші аймақта су ресурс үнемдеу жүйесі арқылы басқарылатын жуынатын орын орналасқан екен. Мынаған қараңыз: түймешікті басып қалғанда 25-30 секунд үзіліспен минутына 8 литр су беріліп, сосын ыстық-суық су араластырғыш автоматты түрде тоқтайды. Егер жуынып үлгермесеңіз түймешікті тағы басасыз. Суды бұлай пайдалану 70%-ке дейін үнем жасауға мүмкіндік береді.

Ал, екі аймақ таза жұмыс киімін сақтау мен беруге арналған. «Кенші кірлеген жұмыс киімін бұрынғыдай үйіне апарып, зайыбына басы артық шаруа тауып бермейді. Мұнымен біздің «СТ  Глобл» компаниясы айналысады» дейді киім тазалау кешенінің басқарушысы Жұлдыз Адырбаева. Тұрмыстық корпуста зарарсыздандыруға арналған ультракүлгін жарық беретін шаммен жабдықталған аппарат қойылған аяқкиім кептіретін орын да бар.

Киім тазалау кешенінің басқарушысы Ж.Адырбаева, кәсіпком С.Смағұлов.

Кешенде заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген дәрігерлік бекет жұмыс істейтінін жоғарыда айттық. «Бізде ультракүлгін сәулемен ем жасайтын фотарий – сәулемен емдеу кабинеті бар. Оның біз үшін артықшылығы – жерасты жағдайында кен өндіретін адамның көңіл-күйін жақсартады» дейді денсаулық бекетінің меңгерушісі Н.Амантаева. Бұл бекет, сондай-ақ, шұғыл жағдайда  «Жедел жәрдемге» арналған жеке кірмежолмен және тікұшақ алаңқаймен қамтамасыз етілген.

Әкімшілік-тұрмыстық кешенінде болғанда кеншіге қамқорлықтың кешенді көрінісіне куә болдық.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Суреттерді түсірген автор.

СӘТБАЕВ қаласы.

 

 

 

 

 

Бөлісу35Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру