«Қарағандытүстімет» ӨБ құрамындағы «Нұрқазған» кеніші 2024 жылдың кен өндіру көлемі бойынша жоспарын сәтті аяқтады. Бұл межеге жетуге мұнда тынымсыз атқарылған өндірістік үдерістірдің стандартқа сай жүзеге асуы мен жекелеген еңбеккерлердің үлесі басым.
2024 жылды қорытындылаған «Нұрқазған» кенішінің директоры Мұқан Үңгітбаев пен «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Айбын Арынғазинов бір топ өндіріс озатын кәсіподақтың арнайы тағайындалған төсбелгісімен марапаттауды ұйғарды.
Кен өндіру ісіндегі жеке үлесі үшін Әділ Бірманов, Гүлмира Қуанышбекова, Жасұлан Кәдікеш, Нұржан Оспанов, Ерден Ерманов, Қайрат Рахметов, Қасымжан Тынысбек, Бекзат Ақышев «Кәсіподақтың Құрметті қайраткері» төсбелгісімен марапатталды. Мұқан Жалғасұлы марапатқа ие болған әрбір еңбеккердің қосқан үлесіне алғысын білдірді.
Сонымен қатар, 22 желтоқсанда атап өтілген Энергетиктер күніне орай «Нұрқазған» кенішінің бас энергетигі Байзақ Амансаринге де «Кәсіподақтың Құрметті қайраткері» төсбелгісі табысталды.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.