«Қазақмыс» корпорациясы еңбеккерлердің қолайлы жағдайда жұмыс істеуі үшін өңірлердегі өндірістік нысандарды жақсартуға көңіл бөліп отыр.
Соның айқын дәлелі ретінде жақында «Батыс» кенішінің № 67 шахтасында пайдаланылуға берілген әкімшілік-тұрмыстық кешенін айтуға болады. 500 адамдық кешен талапқа сай салынған. Кеніш директоры Данияр Татамбаев, «КәсіпҚорған» кәсіподағы Жезқазған филиалы төрағасының орынбасары Сержан Жақсыбеков кешеннің ашылуында сөз алып, бой түзеуіне қолғабыс еткен корпорация басшылығына алғыстарын жаудырды.
– Жаңа кешен кеңдігімен, жаңаша келбетімен көңілімізден шығуда. Мұнда жұмысшы үшін барлық жағдай жасалған. Игіліктеріңізге жарарына сенімдімін, – деді кеніш директоры.
Салтанатты лента кесу рәсімінен соң көпшілік әкімшілік-тұрмыстық кешеннің ішін аралап, оң бағаларын берді.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.