Сейсенбі, 11 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Өндіріс өрісі

Кен қорының көкжиегі

12.08.2022
- Өндіріс өрісі
0
Кен қорының көкжиегі
92
БӨЛІСТІ
255
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жеті қабат жер қойнауындағы шахта шыңырауының шаңын шығарып күні-түні шұрайлы шикізат өндірген, келешегін кен өндірісімен берік байланыстырған аймақ жұртшылығының арман-мақсаты айтпаса да түсінікті. Ол – ұрпақтан ұрпаққа жетерлік кен қорының болуы. Бүгінде осы арман-мақсатты шындыққа айналдыратын қуатты құрал тізгіні «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігіндегі сексеннен астам кен жұмысшысының, телімдік және басшылықтағы бірнеше геологтың басын біріктірген геологиялық қызметтің қолында. Мамандығының майын ішкен кәнігі кәсіпқойдың сенімді қолында!

Қазір геологиялық-іздестіру жұмысының амал-тәсілі, технологиялық мүмкіндігі мол. Тіпті көш ілгері кеткен десек те, артық айтқандық емес. Жер асты кеңістігінің сұлбасын жасау, барынша нақты негізде кенді нысанды анықтауға мүмкіндік беретін геологиялық мәліметтерді өңдеу, геологиялық жұмысты жүргізудің жоғары технологиялық әдісі, бүгін қай жерді бұрғылау керектігін, кеше қол жетпеген кенді қазір қалай алуға болатынын анық көру, жаңа кен қатпарын табу есебінен оның қорын молайтудың стратегиясын белгілеу – алға қойылған міндетті геологтың мінсіз орындауына мүмкіндік беретін инновациялық технологияның бірпарасы осындай.

Кен орнының сұлбасын жасауға, кен қабатын жобалау мен құруға, тау-кен жұмысын жоспарлауға арналған «Micromine» геологиялық-ақпараттық жүйесін өндіріске енгізу геологтарды әлемдік стандарттар деңгейіне жақындата түсті. Кен орнын бұлай ауқымды көлемде зерделеу барынша нақты база жасауды, ресурстық үлгі қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Барлау ұңғымасынан алынған сынаманың сан-сапалақ дерегі бағдарламаға енгізіледі. Ол өз кезегінде кен құрамының құнарын анықтайды, кен қорын есептейді. Мамандар тау жынысының жатысын көріп отырады, кен қатпарын анықтауға мүмкіндік алады.

«Жомарт» және «Жыланды» кеніштері «Micromine» геологиялық-ақпараттық жүйесін қолданады. Жыл аяғына дейін оны басқа кеніштерге жаппай енгізу жоспарда бар. Сонда өндірістік бірлестік басшылығы әр кеніштің кескін-келбетін компьютер арқылы көріп отыруға, кен қабатының нақты және болжамдық жағдайын бағамдауға, кен қорының келешегін барынша нақты есептеп, жүйелі жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Геологтар шикізат ресурсын толықтыру үшін барлаудың екі тәсілін пайдаланады: біріншісі, жер бетінен ұңғыма бұрғылау, сосын жер астында кен қабатынан тереңдете бұрғы салу. Осылайша ұңғымалар арқылы кен шоғырының сұлбасын жасап, тау жынысының қатпарлану жүйесін зерттейді, кен қабатының жату жағдайын, пайдалы қазбаның формасы мен құрылымын анықтайды. Сосын кеншілер геологтар айқындағын кен шоғырына сәйкес шикізат өндіруге кіріседі.

Геологиялық зерттеу жүргізудің тереңдігін арттыру заманауи жабдықтарды қолдану мен инновациялық технология арқасында мүмкін болды. Барлық кеніште бұрынғы ескі жабдықтың орнын жаңа бұрғылау қондырғысы басқан. Олар жер астында кен қабатынан – 300-500 метр, ал, жер бетінен 800 метрге дейін ұңғыма бұрғылай алады. Мұндай жетістік кен қорын толықтыру бағытындағы жұмысты жүйелі және байыпты жүргізуге жол ашты.

Бүгінде Жыланды кен орны Үлкен Жезқазғанның басымдық иеленген орталығына айналған. Геологиялық-барлау жұмысы да сонда шоғырланған. Кезең-кезеңмен жүргізілген кен проходкалау жұмысына сәйкес жаңадан кен шоғыры ашылып, шикізат өндіру көлемі артып келеді. Айталық, былтыр «Жыланды» кенішінде тәулігіне 4 мың тонна кен өндірілсе, биыл жыл аяғына дейін оның көлемін екі есе өсіру көзделіп отыр.  Бұл кеніштің қазірдің өзінде жылына 3 миллион тоннадан астам кен өндіруге қуаты жетеді.

Келешекте Оңтүстік, Шығыс және Батыс Жезқазған кеніштерінің аумағындағы тусырап жатқан телімдерге толық барлау жұмысын жүргізу көзделген. Геологтардың бағалауынша, Жезқазған аймағында кен қорын еселеуге қатысты әлі ашылмаған қуатты көздер бар. Ал, әзірге стратегиялық жоспарға сәйкес қолда бар кен қоры 2054 жылға дейін ырғақты жұмыс істеуге еркін жетеді.

Әлібек ӘБДІРАШ,

Қазақстанның Құрметті журналисі.

 

 

Бөлісу37Твитерге23

Көп қаралған

  • Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • ЕСЕТ БАЙКЕН ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАДЫ

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • День Абая

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🧹 ҚОҚЫС СІЗДІКІ БОЛМАСА ДА, ТАЗАЛЫҚ — СІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗ!

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🧹 МУСОР МОЖЕТ БЫТЬ НЕ ВАШИМ, НО ЧИСТОТА — ВАША ОТВЕТСТВЕННОСТЬ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру