Жезқазған қаласында «Мыс кендерін байытудағы заманауи проблемалар мен инновациялық технологиялар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Онда кенді байыту бойынша Инновациялық әзірлемелерді таныстырды.
Ғалымдар эксперименттік технологиялар мен қондырғыларды көрсетті. Зерттеушілердің айтуынша, жаңа әдістер мен қондырғылар металдарды неғұрлым көп мөлшерде өндіруге және байыту фабрикасының жұмыс процестерін цифрландыруды арттыруға мүмкіндік береді.
Конференцияға қатысушылар Жезқазған байыту фабрикасындағы байытудың заманауи әдістерін және одан әрі жетілдіру стратегиясын әзірлеуді талқылады. Жаңа тәсілдер процестердің тиімділігін арттырып, қауіпсіздік деңгейін жақсартуға көмектеседі.
Конференцияға бейінді институттардың, сондай-ақ, кенді байытудың жаңа әдістерін енгізетін компаниялардың қызметкерлері қатысты. Satbayev University, ҚазГидроМедь, Green Chemicals Kazakhstan жетекші ғалымдары, ресейлік және түрік компанияларының өкілдері өз жаңалықтары туралы айтып берді. Конференция Жезқазған кен байыту фабрикасының құрылғанына 70 жыл толуына орай өткізілді.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметі.