Сейсенбі, 17 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

«Kazakhmys Maker»: құрылыс және жөндеу саласындағы сенімді серіктес

16.05.2025
- Жаңалықтар
0
«Kazakhmys Maker»: құрылыс және жөндеу саласындағы сенімді серіктес
68
БӨЛІСТІ
189
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қазақстанның индустриялық дамуы жолында өз орнын тапқан кәсіпорындардың бірі – «Kazakhmys Maker» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Оның негізін қалаған құрылым — Құрылыс-монтаж басқармасы бірнеше онжылдық бойы түрлі құрылымдық және құқықтық өзгерістерді басынан өткеріп, бүгінгі күні заманауи, тиімді өндірістік кәсіпорынға айналды.

Тарихтан там-тұмдап…

1991 жылдың 2 қаңтарында, № 6 бұйрыққа сәйкес, Құрылыс-монтаж басқармасы «Жезқазметаллургқұрылыс» мекемесінің құрамына беріліп, кейін «Металлургқұрылыс» ғылыми-өндірістік бірлестігіне кірді. Бұл кезең – отандық құрылыс саласының жаңа кезеңге аяқ басқан шағы болатын. 1993 жылы Құрылыс-монтаж басқармасы «Жезқазметаллургқұрылыс» ЖШС-нің «Промстрой» құрылыс басқармасына айналды. Ал 1997 жылдың 11 маусымында бұл басқарма «Қазметаллқұрылыс» АҚ құрамында «Жезқазметаллқұрылыс» ЖШС болып қайта құрылып, заңды тұлға ретінде қайта тіркелді.

2000 жылдан бастап, кәсіпорын «Қазақмыс» корпорациясының құрамына еніп, құрылымдық бөлімше ретінде қызметін жалғастырды. Бұл кезеңде құрылыс-монтаж басқармасы (КМБ) ретінде жұмыс істей бастады.

2001 жылы ол «Қазақмыс» ЖШС-нің құрылымына айналып, ал 2011 жылы қызмет көрсету кешенінің құрамына енгізілді.

Жаңғыру мен жаңа серпін

2013 жылғы 22 қаңтарда Қызмет көрсету кешені «ҚазЦентрСтрой» ЖШС ретінде қайта құрылды. Бұл – компанияның қайта құрылу мен жаңғыру жолындағы маңызды қадамдарының бірі.

Сондай-ақ оқыңыз

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025

2015 жылы негізінде «Maker (Мейкер)» ЖШС құрылып, «ҚазЦентрСтрой» ЖШС бөлімшесі болып табылды. Сол жылы «Kazakhmys Maker» ЖШС-нің Жезқазған аймақтық жөндеу-қалпына келтіру басқармасы өз жұмысын бастады.

2016 жылы бұл басқарма толыққанды филиал ретінде тіркеліп, қызмет аясы кеңейе түсті. Ал, 2017 жылғы 1 сәуірде, «Maker» ЖШС атауы «Kazakhmys Maker» болып өзгеріп, қайта тіркеуден өтті. Сол жылдың сәуірінде Жөндеу-қалпына келтіру басқармасы құрылып, техникалық қызмет көрсетудің сапасы мен көлемі артты.

Бүгінгі белес

2019 жылы, «Kazakhmys Maker» ЖШС «Казахмыс корпорациясы» ЖШС-нің құрылымдық филиалы ретінде тіркелді. Жезқазғандағы жөндеу-қалпына келтіру басқармасы енді өндірістік бөлімше ретінде жұмыс істеуде.

Бүгінде «Kazakhmys Maker» – Қазақстандағы тау-кен металлургия кешенін сапалы құрылыс-монтаж және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен қамтамасыз ететін маңызды кәсіпорын. Тарихы терең, тәжірибесі мол бұл ұжым келешекте де ел экономикасының дамуына сүбелі үлесін қоса бермек.

Құрылыс-монтаждау басқармасының директоры Дархан БИСЕМБАЕВ
Басқарманың бас инженері Ботагөз ТІЛЕУОВА

Бүгінде басқарманы білікті мамандар басқарып отыр. Атап айтқанда – құрылыс-монтаждау басқармасының бастығы қызметін Дархан Бисембаев атқарады. Бас инженер тізгіні Ботагөз Тілеуованың қолында.

Ал, Сәтбаев құрылыс-монтаждау учаскесінің бастығы – Берік Әбілмажин болса, Жезқазған құрылыс-монтаж учаскесіне Темірлан Әлімжанов жетекшілік етеді. Көлік және механизмдер учаскесінің бастығы қызметін Нұрлан Кульбаев атқарады.

Қазір құрылыс-монтаждау басқармасында барлығы 214 адам еңбек етеді. Олардың басым бөлігі Жезқазғандағы учаскеде. Мұнда – 82 адам, ал 67 құрылысшы Сәтбаев құрылыс-монтаждау учаскесінде. Қалған 23 адам көлік және механизмдер учаскесінің еншісінде. Бұлардың бәрі өз ісінің майталмандары. Солардың арқасында Құрылыс-монтаждау басқармасы өздеріне жүктелген жұмыстарды мінсіз атқарып келеді.

Ауқымды жұмыстар атқаруда

Сөзіміздің басында айтып өткеніміздей, құрылыс-монтаждау басқармасы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты кеніштер мен құрылымдарда құрылыс жұмыстарын атқарып, ғимараттар мен өндіріске қажетті нысандарды жөндеп, жолға қоюда ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Өткен жылдың өзінде басқармаға қарасты учаскелердің құрыш қолды құрылысшылары өндіріс орындарындағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін нысандарды қалыпқа келтіріп, кеншілер мен өзге де құрылым жұмысшыларының ырғақты жұмыс істеулеріне қолайлы жағдай жасады. Ол жайында басқарма басшысы Дархан Сұлтанияұлы тәптіштеп айтып берді.

– Жұмыс ауқымды. Оның бәрін тізбектеп айтып шығу мүмкін емес. Әйтсе де бастыбасты дегендерге тоқтала кетейін. Өткен жылы біздің құрылысшылар Шығыс Жезқазған кенішіне қарасты Анненск шахтасының әкімшілік-тұрмыстық кешеніне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыстың шеңберінде АБК-дан шахтаға баратын арнайы жабық подиум салды. Сондай-ақ, № 1 және № 2 Жезқазған байыту фабрикасының галереясына күрделі жөндеу жасап, № 3 фабриканың төбесі мен сусорғы станциясының ғимаратын жөндеді.

Тағы бір ауқымды жұмыстар жасалынған жер «Жомарт» кеніші болды. Мұнда құрылысшыларымыз кеніштегі әкімшілік-тұрмыстық кешен мен № 7 және № 9 жатақханаларды, лампавойдың төбесін жөндеп, кеншілердің алаңсыз жұмыс істеп, тынығуларына жағдай жасады. Аталған жұмыстардың бәрі сапалы, әрі уақытылы орындалды, – дейді басқарма басшысы.

Дархан Бисембаевтың айтуынша басқарманың құрышқолдылары биылғы жылды да жемісті жұмыстармен бастаған. Қазір олар Жезқазған байыту фабрикаларында жөндеуді қажет ететін нысандарды алып, оларды қалыпқа келтіруге кіріскен, Сол сияқты, Жезқазған құю-механикалық зауытының шойын құю цехы ғимараты, «Жомарт» кенішіндегі № 1 және № 2 желдеткіш оқпандар ғимараты осы құрыш қолды құрылысшылардың қолынан жаңа кейіпке еніп жатыр.

Олар – ұжым мақтанышы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында биылғы жылды «Жұмысшы мамандығы жылы» деп жариялады. Осыған орай қазір әрбір еңбек ұжымдарында өздерінің еселі еңбектерімен өзгелерге үлгі болып жүрген жандарды ұлықтау кең ауқым алуда. Осы мақсатта құрылыс-монтаждау басқармасының бас инженері Ботагөз Тілеуова басқармаға қарасты учаскелерде тер төгіп жүрген құрылысшыларды, жүргізушілер мен өзге де мамандық иелерін ерекше атап өтуді парыз санайды.

– Үш ауқымды учаскеден тұратын басқармада өз еңбектерімен көпке үлгі болып жүрген ұжым мақтаныштары аз емес. Олардың бәрін атап шығу мүмкін де емес. Әйтсе де өз мамандықтарының майталмандары дейтін жандардың бірқатарын атап өтейін. Мықтылардың көшін тас қалаушы – Бауыржан Әжібаев, ағаш шебері – Оразбай Әкімжанов, экскаватор машинисі – Саят Ботаев, тиегіш көлік жүргізуші – Сергей Босак, сырлаушы – Светлана Бурмистрова, тракторист – Мұрат Қазиев, бетонщик – Максим Мелешко, сылақшы – Әсел Нысамбаева, газбен-электрмен дәнекерлеуші – Дмитрий Щемелев сынды майталмандар бастап келеді. Олардан бөлек ондаған шеберлеріміз бар. Олар жайлы әлі талай сөз ететін боламыз, – дейді Ботагөз Жалғасқызы.

Бас инженер сондай-ақ, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелісінің иегерлері, учаске басшысы Берік Әбілмәжин мен зкскаватор машинисі Нұрлан Асанғазиновтың, ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісінің иегері, тас қалаушы Нұрлан Қасымовтың, «Құрметті құрылысшы» төсбелгісінің иегерлері, монтажник Болат Сиқымов пен ағаш шебері Саят Сыздықовтың, «Жастар болашақ» ұйымының «Даңқты жастар» төсбелгісінің иегерлері Нұрлыбек Баязиев пен Серік Ермағамбетовтың ұжым мақтанышы екенін ерекше атап өтті.

Түйін

«Kazakhmys Maker» – бұл жай ғана кәсіпорын емес, бұл – еңбек майталмандарының мектебі. Қайнаған еңбектің, маңдай тердің нәтижесімен көркейіп, Қазақстан өндірісінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан ұйым. Жұмысшы мамандығының қадірі артып, еңбегі еленіп жатқан қазіргі кезеңде дәл осындай кәсіпорындар – еліміздің шынайы тірегі. Ал оларда еңбек етіп жүрген әрбір жұмысшы – ерлік пен адалдықтың иесі. Бұл мақала – сол ерлерге құрмет.

Ізтай Белгібайұлы.

 

Бөлісу27Твитерге17
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

«Қазақмыстықтар» «Алтын Гефест – 2025» байқауында жоғары марапатқа ие болды

13.06.2025
AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

AMM 2025: «Қазақмыстың» негізгі бағыттары мен бастамалары

13.06.2025
Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

Еңбек қауіпсіздігі – басты назарда

13.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру