Жақында тау-кен, металлургия және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы Орталық кеңесінің кезекті жиыны өтті. Оның күнтәртібінде кәсіподаққа жаңа төраға сайлау мәселесі қаралды.
Жиналған актив бірауыздан бұған дейін «КәсіпҚорған» кәсіподағы төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген Уәлихан Нұржановтың кандидатурасын лайық деп тауып, төрағалыққа сайлады. Уәлихан Қуанышбекұлы Нұржанов – Ұлытау ауданы Қаракеңгір ауылының тумасы. Білімі жоғары, мамандығы бойынша тау-кен инженері-құрылысшы.
Еңбек жолын тау-кен жұмысшысы, үңгілеуші болып бастаған. 2005 жылы «Степной» кенішінде шахтаның бас инженері, одан әрі директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, өндіріс бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.