Рамазан айында барша мұсылман қауымына парыз болған ораза ұстаған жандарға ауызашар беру дәстүрін «КәсіпҚорған» кәсіподағының Жезқазған филиалы жылда үзбей өткізіп келеді.
Ұйым биылғы жылы да Жезқазған қаласындағы «Тұран» мейрамханасында, Сәтбаевтағы Балмағанбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің асханасында ауызашар беріп, жамағаттың ықыласына кенелді.
Арнайы жайылған дастарқанға ораза тұтқан «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерімен қатар, өндірісте қаза тапқан азаматтардың отбасы мүшелері де шақырылды. Ауызашарға «КәсіпҚорған» кәсіподағының төрағасы Уәлихан Нұржанов, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ басшылығы қатысты.
Аста құран бағышталып, салауат айтылды. Мұсылмандар үшін ұлық болған Рамазан айындағы сауапты іске ұйысқан кәсіподаққа жұртшылық ризашылықтарын білдіріп жатты.
Бағдат ҚАЗКЕНОВ.