Сейсенбі, 11 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс» құрылымдарында

Кәсіби шеберлік табысқа жетелеуде

27.01.2023
- «Қазақмыс» құрылымдарында
0
Кәсіби шеберлік табысқа жетелеуде
115
БӨЛІСТІ
320
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сөз еткелі отырған тау-кен, шахта жабдықтары зауыты – Жезқазған өңіріндегі кеніштердің тірегіне айналған кәсіпорын. Оның қызметі шыңырауда кен қазған кеншілерге қажетті жабдықтарды дайындауға негізделген. Зауытта бірнеше құрылым жұмыс істейді. Соның ішінд еұста-дәнекерлеу цехының атқарар қызметі айрықша.

Ат шаптырым аумақты алып жатқан цехта қызу еңбектің табы бір сәтке басылмайды. Ұсталар мен дәнекерлеушілердің қолынан шыққан өндіріске қажетті бұйымдардың қай-қайсы болсын кемінде 1-2 жылдан аса қызмет етуге төзімді. Темірдің де тозып, жарамсыз күйге түсетіні ақиқат нәрсе. Алайда, оны қайта икемге келтіріп, жаңа дүние жасау шын шебердің қолынан келетін дүние. Бұл ұжымның басшылығын қолға алған Мейіржан Құлжанбеков цехта жаңа үлгідегі технологиямен жұмыс істейтін жабдықтар алуға күш салды. Соның нәтижесінде цехтың өнім өндірудегі сапасы артып, өнімнің көлемі де ұлғайды.

Мейіржан Егінтайұлы зауытта 1999 жылдан бері еңбек етіп келеді. Зауытқа келгенде оны қанатының астына алған сол кездегі кәсіпорын директоры Владимир Ким болатын. Ал, оны цехта дәнекерлеу ісіне машықтандырған сол кездегі тәлімгері Ержан Тоқымбаев еді. Ержан Аманжолұлы Мейіржанның іскедеген ептілігі мен қабілетін ерте байқап, оны кәсібіне шебірлікпен баулыды. Қаражал қаласында шахтада еңбек еткен Мейіржанның сол баяғы кәсіпке қайта көңілі құлады. Алайда, оны басшылық осы цехта қалуына ықпал етті. Қарапайым еңбек жолынан өтіп, бүгінде цехтың тізгінін ұстап отыр.

Мейіржан Құлжанбеков

– Біздің цех шахталардан келіп түсетін тапсырыстарды орындаумен шұғылданады. Дайындалатын бөлшектердің ауқымы да, атқарылатын жұмыстардың көлемі де әртүрлі. Жер астында жүретін кен бұрғылау, кен тасуға арналған ауыр техникаларға бөлшектер әзірлеу үшін қыруар шаруалар жүзеге асырылады. Тіпті бұрғылау техникасының есіктерін де жаңалап, қайта қалыпқа келтіруге ұжымның ұсталары мен дәнекерлеушілері машықтанған. Цехта 40 адам еңбек етеді. Әрқайсы өнімнің сапасына ерекше мән береді.

Темірді икемге келтіріп, оны кәдеге жаратуда ұжым жігіттерінің қабілеті ерекше. Темірден түйін түюдің де өз машақаты бар. Дайын дүниені көзбен көрген адамға әзірленген бөлшек солай қалыптаса салғандай көрінуі мүмкін. Цехқа зауыт басшылығының демеуімен арнайы темірді иіп, қалыпқа келтіруге арналған құрылғы алынды. Соның арқасында қазір жұмыс біршама жеңілдеді. Десе де адамның ойы мен қабілеті бұл істе әрқашан жоғары тұрады. Біз арнайы сызба негізінде жұмыс жасайтындықтан бөлшекті дайындау үшін ой ұшқырлығы, есепке деген қабілет басымдыққа ие болуы керек.

Еңбекте ұжымның абыройын асырып жүрген үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Мейрам Жүнісов, Нұрхан Сердалин, Сәкен Бейсембаев, Ахат Алдабергенов, Медет Нұрмағанбетов, Баян Асанов сынды озаттардың кәсіби шеберліктері бізді табысқа жетелеуде, – дейді Мейіржан Егінтайұлы.

Темір иіп, қалыпқа келтіру құралы

Цехтың ауқымды да жауапты шаруаларды тындырымды атқарып келе жатқандығы, әрине, тікелей басшыға байланысты. Мейіржан Құлжанбеков кіл мықтылардың шеберлігінен өтті. Шыңдалу арқылы осы дәрежеге жетті. Оның өз ісіне және ұжымына деген жанашырлығы көпке үлгі. Мейіржан Егінтайұлының ізін басып, тәлімінде жүрген Нұрхан Сердалиннің мына пікірі сөзімізге дәлел:

Шаң мен газдан тазалау құрылғысы

– Мейіржан Егінтайұлы – өз ісіне шынайы берілген азамат. Өзгені үйретуден, өзі үйренуден жалықпайды. Шарауаның ыңғайын келтіре алмай жатқан тұстарда сабырлықпен жолын көрсетіп, ақыл-кеңесін айтып отырады. «Көңілі кең пішілген» деп жатамыз ғой, міне, осы сөз Мейіржан Құлжанбековке арнап айтылғандай. Жүрегі кең, көмегі көлдей азаматтың өнегелі істері әр атқарған жұмысынан көрініп-ақ тұрады. Ұжымға деген жанашырлығы ғой, темірді иіп, қалыпқа келтіру құрылғысын, цехты газ бен шаңнан тазалау үшін арнайы жабдық алып беруге күш салды. Қорытындылай айтқанда, Мейіржан Егінтайұлы ұжым басқарудың тетігін білетін басшы.

Цех еңбеккерлерінің қолынан шыққан  бұйымдар

Мейіржан Құлжанбеков жақында еңбегі бағаланып зауыт басшылығы мен «КәсіпҚорған» кәсіподағының ұсынысы бойынша үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Еңбегі ерен азаматтың өндіріс үшін атқарып келе жатқан ісі оның абыройын асқақтата бермек.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Бөлісу46Твитерге29

Көп қаралған

  • ЕСЕТ БАЙКЕН ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАДЫ

    ЕСЕТ БАЙКЕН ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАДЫ

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🧹 ҚОҚЫС СІЗДІКІ БОЛМАСА ДА, ТАЗАЛЫҚ — СІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗ!

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🧹 МУСОР МОЖЕТ БЫТЬ НЕ ВАШИМ, НО ЧИСТОТА — ВАША ОТВЕТСТВЕННОСТЬ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • День Абая

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру