Жексенбі, 18 Қаңтар , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Картоп бағасы реттелді

31.01.2025
- Жаңалықтар
0
Картоп бағасы реттелді
86
БӨЛІСТІ
240
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Сауда орындарында жаңа жылдан кейін картоп бағасының екі есеге дейін күрт көтеріліп кетуі адамдардың арасында алаңдаушылық туғызған еді. Осыған орай облыс әкімдігінің қадағалауымен сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті және «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мониторинг жүргізіп, тиісті шараларды қолға алуының арқасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жататын картоптың бағасы ойдағыдай реттелді.

«Ұлытау» ӘКК өкілдері Павлодар қаласына барып «Ақтоғай АГРО» ЖШС-мен келісімге келіп, тұрақтандыру қорына 38 тонна картоп сатып алды. Келісі 198 теңгеден бағаланған бұл өнім өткен аптада Жезқазғанға жеткізілген бетте тиісті сауда орындарына таратылып берілді.

Атап айтқанда, Жезқазған қаласындағы «Органик» бірлескен кәсіпкерлік дүкеніне, «Самаз» супермаркетіне, «Нарық» базарына, «Шаруа» сауда үйіне, «Ауыл өнімдері» павильондарына, Кеңгірдегі «Жанұя» гипермаркетіне, Сәтбаев қаласындағы «Жанай», «Нұртай» супермаркеттеріне, «Камалов», «Аймурзаева» ЖК-не, «Ерасыл» дүкеніне, Жаңаарқа кентіндегі «Жандос» супермаркетіне, «Әлеуметтік» дүкенге өткізілген картоптың шекті бағасы 218 теңге деп бекітілді. Осы орайда облыстық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті мен Жезқазған қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері сауда нысандарын арнайы аралап, бекітілген бағаның сақталуын қадағалап, жалпы әлеуметтік маңызға ие азық-түлік бұрыштарының жұмыстарына бақылау жасады. Сондай-ақ, мониторинг кезінде жауапты тұлғалар сауда орындары иелерімен бағаны негізсіз көтермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазірде жағдай біршама тұрақталды.

Облыс әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру қоры арқылы қалыпты деңгейде ұстауға ықпал жасап, ұдайы бақылауда ұстап отыр. Тұрақтандыру қорын халықтың күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызға ие тауарларымен ай сайын толықтырып отырудың жолдары қарастырылуда.

Амандық РАХҰЛЫ.

 

Бөлісу34Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

19.04.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Полицияның бір күні

Полицияның бір күні

16.01.2026
Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

16.01.2026
Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

16.01.2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру