Жексенбі, 18 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бағдар

Кардиохирургия мамандары – Жезқазғанда

22.12.2023
- Бағдар
0
Кардиохирургия мамандары – Жезқазғанда
89
БӨЛІСТІ
246
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Қазақстанның ең танымал кардиохирургы, UMC Қорының басқарма төрағасы Юрий Пя және Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының мамандары облысымызға келіп, Жезқазған медициналық орталығында болды. Астаналық мамандардың сапары барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп интервенциялық кардиология мен жоғары технологиялық қызметтерді одан әрі дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Юрий Пя мен оның әріптестері Ұлытау облысына кардиологиялық қызмет пен өңірдегі жоғары технологиялық қызметтерді дамыту перспективаларын талқылау және ұзақ мерзімді әріптестік қарым-қатынас орнату мақсатында келді. Атақты кардиохирургпен бірге сапарлас болып келгендер арасында Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының (ҰҒКО) басқарма төрағасы М. С. Бекбосынова, ҰҒКО басқарма төрағасының орынбасары А. А. Абдиоразова, Интервенциялық кардиология клиникалық академиялық департаментінің директоры М. А. Арипов, интервенциялық аритмология кафедрасының меңгерушісі О. М. Нұралинов, Озық білім беру орталығының директоры Т. С. Қапышев, UMC/ҰҒКО мейірбике ісі жөніндегі директоры Г. Е. Нәдірбекова, Медициналық жабдықтарды пайдалану департаментінің директоры А. С. Закиров болды. Мамандар Жезқазған медициналық орталығының жұмысымен танысты. Бұл бірегей медициналық мекеме биылғы жазда облыстық кардиологиялық орталық мәртебесін алған болатын. Оның жабдықталуына «Қазақмыстың» қамқорлығы айтарлықтай болып отыр.

Жалпы, «Қазақмыс Холдингі» ЖШС мен «Жүрек орталығы» қорының ынтымақтастығы 2018 жылдан бері жоспарлы түрде дамып келеді. Осы ынтымақтастықтың нәтижесінде қор Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың дәрігерлерінің жүрек ауруларымен күресуіне елеулі көмек жасап келеді. Мәселен, бірлескен соңғы жетістіктердің бірі – донорлық органдарды сақтау, ұзақ тасымалдау және емдеу үшін құрылғы жасау жөніндегі ғылыми жобаны іске асыруда «Қазақмыс» ауқымды қаржылық қолдау көрсетті. Мамандар бұл теңдесі жоқ жоба Қазақстанмен қатар, бүкіл әлем медицинасында тың серпіліс береді деп бағалауда. «Жүрек орталығы» қоры осы айдың басында аталмыш құрылғының салтанатты тұсаукесерін өткізіп, кардиохирургияны дамытуға және бірегей құрылғы жасауға қосқан үлесі үшін «Қазақмыс Холдингі» ЖШС-іне қордың Heart by Heart сыйлығын тапсырды.

Бүгінде облыстық кардиологиялық орталық мәртебесіне ие болған Жезқазған медорталығы жүрек аурулары бойынша бүкіл өңір халқына көмек көрсетеді. Атақты кардиолог Юрий Пя медициналық орталықтың жұмысымен танысу барысында ондағы әріптестерінің қызметіне, кәсіби деңгейіне және жабдықталуына жоғары баға берді. ҰҒКО басқарма төрағасы, еліміздегі ең үздік кардиологтардың бірі Махаббат Бекбосынова кардиологтар мен жалпы практика дәрігерлеріне дәріс өткізді. Медицина қызметкерлері дәріс барысында науқастарды емдеу ерекшеліктері, клиникалық хаттамалар, кардиологиялық қызметтің ұйымдастырушылық мәселелері туралы пікір алысып, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, астаналық мамандармен кездесуде жергілікті дәрігерлер интервенциялық кардиологияға, аритмологияға, мейірбике ісі мен медициналық құрал-жабдықтарды ұйымдастыруға байланысты техникалық аспектілер мен күрделі жағдайларды талқылау мүмкіндігіне ие болды. Мамандар күрделі сырқаты бар 9 науқасқа қатысты кеңестер берді. Сапар қорытындысы бойынша Юрий Пя мен оның командасы Жезқазған медициналық орталығы басшылығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға және 2024 жылға арналған жол картасына қол қойды.

Сондай-ақ оқыңыз

Төлеген БҮКІРОВ,  Ұлттық құрылтайдың мүшесі:  «Ұлы  даланың ұлық жиыны –  қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін алаң»

Төлеген БҮКІРОВ, Ұлттық құрылтайдың мүшесі: «Ұлы даланың ұлық жиыны – қоғамдағы өзекті мәселені көтеретін алаң»

14.02.2025
Аймақ дамуының айқын бағыттары

Аймақ дамуының айқын бағыттары

10.01.2025

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу36Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру