Жұма, 6 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Жылдың сүйінші хабары

29.12.2023
- Бәрекелді!
0
Жылдың сүйінші хабары
89
БӨЛІСТІ
246
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жыл соңы жағымды жаңалықтарға толы болуда. Өндіріс саласындағы өрендер ғана емес, өнер мен ақпарат саласында жүрген жерлестеріміз де түрлі деңгейлердегі марапаттарға ие болуда.

«Дарын» сыйлығы – Ұлытауда

Жыл айырығындағы жағымды жаңалықтардың бірі де бірегейі – Тайжан Қалмағанбетов атындағы филармонияның әртісі Айзада Әбдіқалықованың Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атануы болды.

Сондай-ақ оқыңыз

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

Өндірістегі озат арулар Ақордадан марапатпен оралды

14.03.2025
Екі дүркін әлем чемпионы

Екі дүркін әлем чемпионы

08.03.2025

Мұндай жоғары атақ филармония тарихында, тіпті өңір тарихында тұңғыш рет беріліп отыр. Бұл жайында облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы өзінің «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында да айтып өтті.

«Жерлесіміз, Тайжан Қалмағанбетов атындағы филармонияның әртісі Айзада Абдуахитқызы ерекше қабілеті мен талантының арқасында Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алды. Бұл облысымыздың мерейін ел көлемінде асқақтатқан жаңалықтардың бірі болды.

Қадірлі Айзада Абдуахитқызы!

Сіздің көп жастың арасынан суырылып шығуыңыз – Ұлытау облысының күміс көмей, жезтаңдай жастарымызға кенде еместігін көрсетті. Өзіңіздің талпынысыңыздың арқасында қол жеткізіп отырған мемлекеттік сыйлығыңыз мол жетістіктерге жол ашсын. Алдағы уақыттарда да Ұлытаудың атын асқақтау жолында талмай, еңбегіңіздің жемісін көре беруіңізге тілектеспін. Әке салған даңғыл жол мен тектіліктің ізін жалғап, биіктерден көріне беріңіз!», – деп жазады облыс әкімі өзінің «Фейсбук» парақшасындағы құттықтауында.

Толық «Еңбек Даңқын» төсіне тақты

Аптаның басында Сәтбаев қаласындағы Ш. Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында Сәтбаев қаласының 50 жылдық мерейтойын түйіндеген «Сен үшін, сүйікті қалам» атты айшықты шара өтті.

Шараның шымылдығын ашқан шаһар басшысы Шапағат Әубәкір жерлестерін мерейлі мерекемен тағы бір мәрте құттықтап, кеншілер қаласының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына сүбелі үлестерін қосқан бір топ азаматты Ұлытау облысының Құрмет гарамотасымен және бір тобын «Сәтбаев қаласына – 50 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапаттады.

Міне, осы айшықты шарада біздің де әріптесіміз, газетіміздің жауапты хатшысы Ізтай Белгібайұлы екі бірдей марапатқа ие болды. Оның бірі «Сәтбаев қаласына –
50 жыл» мерейтойлық төсбелгісі болса, екіншісі «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің І дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі. Осылайша, әріптесіміз «Еңбек даңқы» төсбелгісінің толық иегері болды.

Өз тілшіміз.

 

Бөлісу36Твитерге22
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру