Сейсенбі, 11 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Жүзуден жүзден жүйріктер анықталды

11.08.2023
- Жаңалықтар
0
Жүзуден жүзден жүйріктер анықталды
85
БӨЛІСТІ
237
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС еңбеккерлерінің «Jastar Bolashaq» Жастар одағы компания еңбеккерлерінің арасында жыл сайын жүзуден турнир өткізуді дәстүрге айналдырған.

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауды көздейтін бұл бәсекеге корпорацияның Жезқазған өңіріндегі құрылымдарынан әуесқой жүзушілер қатысып, бақ сынады. Сәтбаев қаласындағы жүзу бассейнінде өткен жарыс ерлер мен әйелдер арасында өтті.

Басты жүлде Қарағанды қаласында өтетін  жарысқа жолдама болды. Белгіленген уақытта мәреге  жетіп, шеберліктерін танытқандардың арасынан жүзгішін таңдау төрешілерге оңай болған жоқ. Жарыс мәресіне бірінші болып жеткен «Қорғау қызметі» ЖШС Жезқазған филиалының қызметкері Айгерім Назымбетов  бірінші орынның тұғырынан көрініп, жолдаманы ұтып алды.

Ерлер арасында жүзуден шеберлігін танытқан Қарсақбай металлургиялық зауытының  еңбеккері Бибарыс Асан бірінші орынды жеңіп алды.  Жезқазған, Сәтбаев қалалары бойынша екінші, үшінші орынның жүлдегерлері де анықталып, оларға жүлделер табысталды. Жарыстың  марапаттау салтанатына қатысқан  «Jastar Bolashaq» Жастар одағының төрағасы Луиза Мыңбаева  жеңімпаздарды құттықтап, қатысушыларға алғысын білдірді.

Сондай-ақ, Жастар одағы мүшелерінің арасындағы  мұндай бәсеке әлі де жалғасын табатынын жеткізді.  Жүзден жүйрік шығып, өңіріміздің намысын қорғайтын Айгерім Назымбетовке біз де жеңіспен орал демекпіз.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

Бөлісу34Твитерге21

Көп қаралған

  • Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    Қазақстан цифрландырудың жаңа деңгейіне қадам басуда

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • ЕСЕТ БАЙКЕН ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН БАҚЫЛАДЫ

    70 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 18
  • День Абая

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🧹 ҚОҚЫС СІЗДІКІ БОЛМАСА ДА, ТАЗАЛЫҚ — СІЗДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІҢІЗ!

    69 бөлісті
    Бөлісу 28 Твитерге 17
  • 🧹 МУСОР МОЖЕТ БЫТЬ НЕ ВАШИМ, НО ЧИСТОТА — ВАША ОТВЕТСТВЕННОСТЬ!

    68 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру