Сенбі, 15 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Бәрекелді!

Жүзден–жүйрік

31.03.2023
- Бәрекелді!
0
Жүзден–жүйрік
106
БӨЛІСТІ
294
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Елордада «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты республикалық байқауы мәреге жетті. Еліміздің түпкір-түпкірінен 200-ден аса үміткер қатысқан додада Жезқазған қаласының тұрғыны, кенші, ат әбзелдерін жасау шебері Далабай Оспановтың мерейі үстем шықты.

Үміткерлер байқау шартына сәйкес, «Ел дамуына қосқан үлестері» тақырыбында бейнебаян әзірлеп, қазылар алқасының назарына ұсынды. Жаңаарқа ауданының Қараағаш ауылында «ағаш ұстасы, ертоқым шебері» атанған атасының жолын қуып, бала жастан әуестене келе, кейін біржола бет бұрған сүйікті ісі – ердің неше түріннен бастап, ат әбзелдерін жасап келе жатқан Далабай Нәбиұлының халықтың қолөнерін дамытуға сіңірген еңбегі жоғары бағаланды.

Әбден төселіп, ертоқым жасаудың хас шебері атанған Далабай халықтың көне өнерін тірілтіп қана қоймай, талмай ізденудің арқасында ертоқымның алуан түрін жасайтын деңгейге көтерілді. «Өнердің де киесі бар» демекші, негізгі кәсібі жерастынан кен қопарған кенші, бос уақытының барлығында дерлік – Далабай ұста ерге арналған ағашты сонау туған ауылы Қарағаштан талмайтаңдап, жалықпай баптап барып қана шаба бастайды. Сондықтан, оның қолынан шыққан ердің қай-қайсысы болмасын, аса сапалығымен, ат арқасына сызат түсірмесін келісті келбетімен ерекшеленіп тұрады.

Міне, Далабай ұстаның халықтың төл өнерін дамытудағы осы ыждахаттығы мен зор жауапкершілігін қазылар лайықты бағалады. Айта кетейік, бұл республикалық байқау Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауынан туындайтын міндеттерді қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында «Аманат» партиясы мен «Білім Өркениет» ұлттық инновациялық саяси ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған.

Ай НҰРИ.

 

Бөлісу42Твитерге27

Көп қаралған

  • Жеңіс туын желбіретті

    Жеңіс туын желбіретті

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • 🌊 БЕЗОПАСНОСТЬ НА ВОДЕ — ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • 🌊 СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    185 бөлісті
    Бөлісу 74 Твитерге 46
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру