Жезқазған мыс қорыту зауыты ұжымының «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС басшылығымен кездесуі өтті.
Бұл жолғы жиынның мазмұны ерекше. Зауыт жұмысшылары «Флагман» жобасы аясында жұмыс орындарындағы жағдайды жақсартуға өздері қатысады.
«Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС Бас директоры Нұрахмет Нұриев өзгертуге тура келетін 4 басым бағыт туралы айтты. Олар – тұрмыстық кешен, тамақтану жағдайлары, қызметкерлерді тасымалдауға арналған көлік, қауіпсіздік және еңбекті қорғау сынды бағыттар. Еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі міндеттерді шешуді зауыт жұмысшыларының өздері «Қазақмыс Смэлтинг» басшылары қатарынан шыққан кураторлармен бірлесіп, іске асыратын болады.
Аталмыш жиынға 350-ден астам зауыт жұмысшысы қатысты және олардың әрқайсы жұмыс күндеріндегі жағдайларды ыңғайлы етуге көмектесетін өз ескертулерін білдіру мүмкіндігіне ие болды.
Айта кету керек, зауыт қызметкерлерінің әрқайсы басшылықтың қарауына қабылданатын тілектерін ашық білдіре алады.
«Флагман» серпінді жобасы 2022 жылдың сәуір айында басталды. Ол кәсіпорынның әрбір қызметкеріне әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсартуда үлес қосуға мүмкіндік береді.
Жаңа тәсілдерді жүзеге асырудың алғашқы нәтижелерін ЖМЗ қызметкерлері сезінетін болады. Жақын арада Балқаш мыс балқыту зауытында «Флагман» жобасының тұсаукесері мен басталуы жоспарлануда. Содан кейін бағдарлама «Қазақмыстың» басқа өндірістік алаңдарында жүзеге асады.
Бағдат АЙТӨРЕ.