Жұма, 11 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Жүлделі жөндеушілер

05.09.2025
- Жаңалықтар
0
Жүлделі жөндеушілер
75
БӨЛІСТІ
209
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазған жөндеу-механикалық мамандандырылған басқармасы – кеншілермен қоян-қолтық жұмыс істеп, шахта шыңырауында шыңдалған, байытушылармен білек біріктіріп, құнарлы концентрат шығарған, саф алтындай сары мыс өндірген металлургтердің қасынан табылып, өндірісті өркендетуге өзіндік үлес қосқан майталман мамандарды біріктірген қуатты құрылым.

Өткен аптада сәрсенбінің сәтінде «Кәсіпқорған» салалық кәсіподағының осы басқармадағы буыны Кенші мен байытушы күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Өндіріс озаттары мен еңбек ұжымының лайықты өкілдері жиналған, әсем әнмен әдіптеліп, мың бұралған бимен бедерленген бұл басқосу, шын мәнінде, жөндеушілер үшін жүлде жауған жұлдызды сәт болды.

«Қазақмыстың» қабырғалы құрылымы қатарындағы жөндеу-механикалық мамандандырылған басқармасы – Жезқазған өңіріндегі барлық тау-кен, байыту және металлургия кешенінің ырғақты жұмысын қамтамасыз етуге тікелей қатысатын қуатты кәсіпорын. Ол кеніштерге , байыту фабрикаларына және мыс балқыту заводына қызмет көрсетеді, жабдықтарды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізеді, сондай-ақ, өнеркәсіптік нысандарды қайта құру мен іске қосуға қатысады.

Жөндеу-механикалық мамандандырылған басқармасының құрамында жер астындағы және ашық әдіспен кен өндіретін карьердегі жабдықтарға жөндеу жүргізуден металл конструкциясын дайындауға дейінгі, жүк көтеру механизмдеріне күтім жасау мен инфрақұрылымды қамтамасыз етуге қатысты маңызды міндетті мінсіз орындауға машықтанған сегіз телім бар. Олар жүйелі жұмыстың арқасында аймақ экономикасын нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.

Салтанатты жиынды ашып, әріптестерін мерейлі мерекемен қызу құттықтаған «Қазақмыс» корпорациясының жөндеу-механикалық мамандандырылған басқармасының директоры Георгий Евгеньевич Юсупов:

– Сіздер қалаған кәсіп ерлікке тең ерен еңбекті, тас-түйін табандылықты, өз ісіне шынайы шеберлікті талап етеді. Сіздердің еңбектеріңіз ел үшін маңызды. Сіздерге зор денсаулық, қауіпсіз әрі жемісті еңбек, отбасылық баянды бақыт, барлық бастамада береке тілеймін! Кәсіби біліктілік пен іске адалдық қашанда лайықты бағалансын! – деп ағынан ақтарылды.

Шындығында сол күні өндірісте көш бастаған үздіктер небір жүлдені қанжығасына байлады. 8 адам – «Қазақмыс Холдинг» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Викторович Огайдың, 5 адам – «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің Басқарма төрағасы Нұрахмет Қанатұлы Нұриевтің, 5 адам – «Қазақмыс» корпорациясының Қ. И. Сәтбаев атындағы Жезқазған тау-кен өндірісі басшысының, 29 адам – жөндеу-механикалық мамандандырылған басқармасы директорының, 2 адам – «Кәсіпқорған» салалық кәсіподағы төрағасының, 12 адам – «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы «Aманат» партиясы Ұлытау облыстық филиалы атқарушы хатшысының, 23 адам – сервистік өндірістер кешені кәсіподағы төрағасының, 7адам – «Қазақмыс» корпорациясындағы «Jastar Bolashaq» қоғамдық бірлестігі мен 12 адам оның  жөндеу-механикалық мамандандырылған басқармасындағы буыны төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Слесарь-жөндеушілер – Данияр Қамбаров пен Әсет Нұржанов, газбен-электрмен дәнекерлеушілер –  Жанболат Мәселеев, Серік Жаманғарин, Асхат Рахымбаев омырауына әртүрлі дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісін таққан өндіріс өрендері қатарына қосылды, жөндеу-механикалық мамандандырылған басқармасы директорының өндiрiс жөнiндегi орынбасары Марат Ахметзянов аталмыш марапаттың «толық игері» болды.

Өндірістік шебер Сағынай Алтынбеков, газбен-электрмен дәнекерлеуші Оразбек Бәйімбетов, слесарь-жөндеушілер Мұханбетжан Дәуітов пен Мәлік Отарбаев – «Еңбек озаты», аға өндірістік шебер Ғалым Таңатов, газбен кесуші Қайрат Ертісбаев, слесарь-жөндеуші Қайрат Исмайлов, газбен-электрмен дәнекерлеуші Ардақ Мұхамеджанов – «Кәсіподақтың құрметті қайраткері», слесарь-жөндеуші Әлібек Жанұзақов, өндіріс шеберлері  Марат Ярулин мен Еркебұлан Қосымов «Даңқты жастар» атанды.

Жөндеу-механикалық мамандарылған басқармасында өндірістік көрсеткіштер қорытындысы негізінде кәнігі кәсіби шеберлігімен, жоғары жауапкершілігімен дараланғандар анықталып, оларға арнаулы аталым жүлдесін басқарма директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Марат Ахметзянов  тапсырды. Таныс болайық: «Ұжымның сенімді тірегі» – өндіріс шебері Ерлан Дүйсембеков; «Жеңілмейтін жігер иесі» – газбен кесуші Нұрмат Тұрсынқұлов; «Үздік жас маман» – газбен-электрмен дәнекерлеуші Нариман Әубәкіров; «Қажырлы кенші» – газбен-электрмен дәнекерлеуші Дархан Тоғамбаев; «Жыл кеншісі» – газбен-электрмен дәнекерлеуші Марат Омаров; «Алтын қолды шебер» – жөндеуші-слесарь Жәкен Беделбаев.

«КәсіпҚорған» салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары Абзал Жаңабергенов, сервистік   өндірістер кешеніндегі «КәсіпҚорған» филиалының төрағасы Жібек Омарова, «Аманат» партиясының «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы Ұлытау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Нұржанов, сервистік өндірістер кешені кәсіподақ комитеті Жезқазған филиалының төрағасы Серік Алтынбеков, «Қазақмыс» корпорациясы «Jastar Bolashaq» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Луиза Мыңбаева жүлдегер жөндеушілерге жылы лебіз білдіріп, лайықты сый-сияпат жасады.

«КәсіпҚорған» салалық кәсіподағы – «Қазақмыс» корпорациясының сенімді әлеуметтік серіктесі. Ол көптеген еңбек және әлеуметтік мәселені шешуде маңызды рөл атқарады. Кәсіподақ мүшелерінің құқығы мен мүддесін қорғайды. Жұмыс берушімен келіссөзге қатысып, ұжымдық келісім-шарттың орындалуын, еңбек заңнамасы мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылайды. Туындаған мәселелерді жедел шешуге, ортақ түсіністікке қол жеткізуге және кәсіпорындағы еңбек жағдайын жақсартуға ұйтқы болады. Бұл жолы ол өндірістің қуаттылығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге еңбегі мен кәсіби шеберлігін арнаған жөндеушілерге лайықты құрмет көрсетіп, көпшілік ықыласына бөленді.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Бөлісу30Твитерге19

Көп қаралған

  • Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    213 бөлісті
    Бөлісу 85 Твитерге 53
  • Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1549 бөлісті
    Бөлісу 620 Твитерге 387
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру