Сейсенбі, 3 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет «Қазақмыс» «Қазақмыс» құрылымдарында

Жоспарды да орындауда, қауіпсіздік те назарда

28 тамыз – Кенші мен байытушы күні

26.08.2022
- «Қазақмыс» құрылымдарында
0
Жоспарды да орындауда, қауіпсіздік те назарда
84
БӨЛІСТІ
232
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Бүгінгі таңда «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басшылығының қолдауымен кен өндіруде межелі міндеттерге қауіпсіз еңбектің нәтижесінде қол жеткізіп отырған Қарағанды аумағындағы «Нұрқазған» кенішінің келешегі кемел. Оның кен өндіру қауһары  – 40 жыл.

Өндіріс орнының барланған қоры 123 млн тоннаны құрайды. Мұқан Үңгітбаевтың басшылығындағы кеніштің әлеуеті зор. Жаңа заманауи техникалармен жабдықталған кеніштің кеншілері биылғы жылы да төл мерекелеріне табыспен жетіп отыр.  Шахта астындағы  өндірістік үдерісте кідіріс жоқ. Кен тасыған алып техникалар,  тыңға түрен салған бұрғылау станоктары, жол жөндеушілер мен энергиямен жабдықтаушылар  бір күндік, апталық, айлық, жылдық жоспарды орындауда тынымсыз  еңбек үстінде.

 

Сондай-ақ оқыңыз

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

Қауіпсіздікке қалқан болғандар

29.11.2024
Академик есімі қайта оралды

Академик есімі қайта оралды

22.11.2024

Конвейер телімінің еңбеккерлері (солдан-оңға қарай): конвейер машинисі Аманғали Өмір,  тау-кен жұмысшы Олжас Мұхит,  ұсақтаушылар Аян Жаханов ,  Серікпай Әубакіров,  Жанбота Әдешов,  конвейер машинисі Арын Бекетаев, ұсақтаушы Қыдырбай Маханбетов, конвейер машинисі  Бекболат Шарап. 

Өндірістік жоспарды орындап, қауіпсіздік  саясатын мығым ұстанып, табысқа жетіп отырған кеніштің  конвейер телімі межелі міндеттерін өз деңгейінде жүзеге асырып келеді. Арман  Дүйсембаевтың  жетекшілігіндегі телімде 125 адам еңбек көрігін қыздыруда.  600 метрлік тереңдікте орналасқан шахта астында ірі кендерді ұсақтап, оны жер бетіне шығару осы телімнің құзырында. Арман Ерғазыұлының айтуынша,  телім күніне 12 мың 500 тонна кен ұсақтайды.

 

 

Телім басшысы Арман Дүйсембаев.

– Жер асты кенін ұсақтап, оны жоғарыға шығару өндірістің негізгі бағыттарының бірі. Осы орайда біздің телімнің атқарып отырған шаралары табыссыз емес.  Тәулігіне 12 мың 500 тонна, айына 375 мың  тонна, жылына 4 млн 500 мың тонна кен ұсақталады. Біз осы міндетті қауіпсіз жүзеге асырып келеміз. Корпорация басшылығының қолдауымен конвейерлік желілердің көлемі ұлғайтылып, соған сәйкес өнім көлемі де ұлғайды. Өндіріс көлемінің  өқсуі нәтижесінде біздің  жоспарымыздың да көрсеткіші жыл сайын арта түсуде. Телім жігіттері жүктелген міндеттен мүдіріп көрген жоқ.  Кеніш директоры Мұқан Үңгітбаев, «КәсіпҚорған» кәсіподағы комитетінің төрағасы Айбын Арынғазинов еңбек адамына барлық жағдайды жасап отыр. Жұмыс орнындағы қауіпсіздік саясаты басымдыққа ие.

Біз өз жұмысымызда қауіпсіздік саясатына ерекше мән береміз. Қазіргі таңда жұмыс орындары толық автоматтандырылған. Бейнекамералар орнатылып,  байланыс жүйесімен қамтылған.  Конвейер желілері жергілікті және арақашықтықтан басқарылады. Ортақ міндетті еңсеру жолында ұйымдаса білген ұжымның табысқа жететіні анық. Осы орайда еңбегімен көзге түсіп жүрген озаттарды тілге тиек ете кеткенді жөн санадым. Олардың қатарында  Конвейер машинистері Насыр Көшекбаев,  Талғат Сембаев, ұсақтаушылар  Қанат Қаржаспеков,  Қыдырбай Маханбетов бар.  Кеніштің  жоспарланған межеге жету жолында біздің ұжым жүктелген міндетті абыроймен орындап отыр, – дейді Арман Ерғазыұлы.

Телім басшысы  Арман Дүйсембаев кен өндіру саласының қазанында қайнап, қалыптасқан маман.  Оның бұл салада он бес жыл еңбек өтілі бар. 2007 жылы кеніштің конвейер теліміне  ұсақтаушы болып жұмысқа орналасқан Жандос Ерғазыұлы содан бері бір телімде тер төгіп келеді. Арман Дүйсембаев өзінің еңбек жолында сатылай өсті.  Жұмысқа орналасқаннан кейін бір жылдан соң қабілетімен көзге түсіп,  ауысым шебері болып тағайындалды.  2010-2012 жылдар аралығында телім басшысының орынбасары болды.  Ал, 2012 жылдан қазіргі кезге дейін телім басшысы.

Туған жердің қойнауына біткен байлықты ел ырысына жаратуда маңдай терге малынып, кен өндірген кеншілердің ерен еңбегі жеті қат жер астында  көзге көрінбегенімен, олар толайым  табысқа жол ашып отыр.  Нұрқазғандық кеншілер жыл соңына  дейін жоспарды  межеден бұрын орындап, көшбасынан табылмаққа ниетті. Олай болса, іске сәт, кен өндірісінің қаһармандары!

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

 

 

 

Бөлісу34Твитерге21
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру