Бейсенбі, 5 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»

Жошы ұлысына –800 жыл

16.02.2024
- Жаңалықтар
0
«Жошы ұлысы » һәм «Алтын орда»
403
БӨЛІСТІ
1.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жошы хан дүниеден өткеннен кейін оның ізін екінші ұлы Бату хан жалғастырды. Осы кезеңнен бастап Жошы ұлысы тарихта Алтын орда деген атаумен жазыла бастады. Алтын Орда деген атаумен тарихта қалған ұлы империяның алғашқы билеушісі әрі исі қазақ хандарының атасы (қазақтың хан ұрпақтарының барлығы да Жошы әулетінен тарайды) Жошы 46 жасында дүниеден өткен. Мазары Жезқазған қаласынан 45 шақырым жердегі Кеңгір өзенінің сол жағалауында тұр.

«Алтын Орда» атауы қайдан шықты?

Әлгінде, әңгімеміздің басында Бату таққа отырғаннан кейін Жошы ұлысы тарихта Алтын Орда деген атпен жазыла бастағанын айттық. Осы «Алтын Орда» атауы қайдан шыққан? Сол жайлы бірер ауыз айта кетсек.

Негізінде, «Алтын Орда» деген ресми атау болмаса керек. Тарихшылардың пайымынша, Жошы ұлысы о баста «Ұлық ұлыс» деп аталған. Бату ханның болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті шатырлар құрғызғанға ұқсайды. Яғни, «Алтын Орда» сөзі алтын түсті орда немесе патша сарайынан шыққан. Ал моңғол деректерінде бұл атау Шыңғыс хан билеген төрт тараптың белгі түсіне байланысты қойылған делінеді. Яғни солтүстік тараптың түсі – қара, шығыс – көк, оңтүстік – қызыл, батыс – ақ, ал сары түс – орталықтың түсі болған. Тарихшы Жақсылық Сәбитов те Алтын Орда, Ақ Орда, Көк Орда деген атаулар ешқандай да мемлекеттің аттары емес екенін айтады: «Ол Жошы ұлысын басқарған хандардың әр кездегі резиденцияларының түсі, атауы. Хан егер астанада болса, дипломаттарды, әмір-кінәздерді алтын киіз үйде қабылдаған. Сол резиденциясын «Алтын Орда» дескен. Ал жазғы жайлауда болса, ақ шатырда қарсы алған. Ханның бұл ставкасы «Ақ Орда» аталған», – дейді тарихшы.

Сондай-ақ оқыңыз

Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025

Этникалық құрамы

Алтын Орда халқының басым бөлігі жоғарыда айтып өткеніміздей, түркі тайпалары (негізінен қыпшақтар) болған. Егіншілік пен қалалық мәдениетке жақын аумақтарында Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрса, далалық, яғни көшпелі өмірге ыңғайлы өңірлерінде негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей тағы да басқа тайпалар мекендеген. Сол секілді монғол тайпалары да аз болмаған. Бұлардың барлығы да жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кеткен. Хандық халқы алғашқы кезеңде қыпшақ, моңғол тілінде сөйлесе, кейіннен ескі татар тілінде қарым-қатынас құрған деген деректер бар.

(Ғаламтор материалдары негізінде әзірленді).

 

Бөлісу161Твитерге101
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру