Жезқазғанда көше аралық жолдарды жөндеу жұмыстары белгіленген жоспарға сай жүргізілуде. Аталған жұмыстар Бекболатсай елді мекенінде де жалғасуда.
Өткен жылы Мұқанов көшесінің бойындағы тас жолды орташа жөндеу нысаны бойынша «Рокада-а» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған. Шарт бойынша жалпы сомасы – 350 078 505, 00 теңге. Жұмысты аяқтаудың мерзімі – 2023 жылдың тамызы.
– Маусымның алғашқы күндері мердігерлік ұйым Сарыарқа көшесінен Бекболатсайға дейін асфальт жабындысының 2-қатарын орналастырды, – дейді ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Нұрбол Садықов.
Келесі аптада қалған учаскелерде жалғасатын болады. Жұмыстардың барлығы қадағалауға алынады.