Биыл Ұлытауда тек облыстық маңызға ие жолдарды жаңғыртуға 4 млрд 600 млн теңге бөлініп отыр. Оның тең жартысы ұлттық қордан қарастырылған.
Бөлінген қаржы былтырғы жылмен салыстырғанда, 3 есе көп. Қазірмемлекеттік сатып алу байқаулары өтіп жатыр. Күн жылына төрт бағыт бойынша ең тозығы жеткен облыстық жолдарды жөндеу жұмыстары басталады.
Өңірдегі автокөлік жолдарының үштен бірі облыстық маңызға ие. Биыл жаңадан салынатын жолдың ұзындығы 60 шақырым. Жалпы сипаттағы 2 жарым млрд теңгені құрайтын трансферт қаржысына 41 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді. Мұның сыртында ұлттық қордан бөлінген 2 млрд теңгеге екі жоба жүзеге асырылады.
Республикалық бюджеттен. Сәтбаев – Малшыбай – Жошы хан – Домбауыл жолының құрылысы мен Қаражал – Атасу жолының 28 шақырымын қайта жаңғыртуға 1 млрд теңгеден қаржы бөлініп отыр.
Облыстық маңыздағы жолдардан бөлек, өңірдің әкімшілік орталығындағы жолдардың да сапасы көңіл көншітпейді. Жезқазғандағы 212 шақырым жолдың тек 55 пайызынағана асфальт жамылғысы төселген.
Биыл облыс орталығында 8 көшеде 11 шақырым жолға орташа және күрделіжөндеу жүргізіледі. Соның өзінде шаһардағы жүруге жарамды жолдардың көлемі 63 процентке ғана жетпек.
Ал, өңірдегі жолдарды жөндеуге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында да 1 млрд теңге бөлінді. Ол қаржы Ұлытау және Жаңаарқа аудандарына қарасты ауылдардың жолдарын жөндеуге бағытталмақшы.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.