Жексенбі, 18 Мамыр , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Жол жөндеу ерте басталады

28.02.2025
- Жаңалықтар
0
Жол жөндеу ерте басталады
70
БӨЛІСТІ
195
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов биыл жол жөндеу-ге қатысты жұмыстардың ерте қолға алынғанын әлеуметтік желі арқылы жұртшылыққа жария етті. Әкімнің айтуынша, қазір конкурс жарияланған. Наурыз айында оның қорытындылары шығып, мердігерлер анықталған соң сәуір айының ортасында жол жөндеу жұмыстары басталады.

Биыл жалпы ұзындығы 18 шақырым болатын 14 көшенің жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде 10 көшенің жолына қиыршық тастымастикалық жабындымен асфальт-бетон материалы қолданылады. Қазір сметалық-техникалық құжаттар сараптамадан өтіп, оң нәтижесін алыпты. Жолдың орташа жөндеу жұмыстарына 4 млрд. 055 млн. теңге қаржы қарастырылып отыр.

Асфальт төселетін көшелер қатарында Алашахан даңғылы (Бейбітшілік даңғылынан Байқоңыров көшесіне дейін), Бейбітшілік даңғылы (Ғарышкерлер бақжолынан Деев көшесіне дейін), Момышұлы көшесі (Сейфуллин көшесінен Бейбітшілік даңғылына дейін), Сәтбаев көшесі (Абай көшесінен айналма жолға дейін), Сарыарқа көшесі (Ұлытау көшесінен А-16-ға дейін), Ұлытау көшесі (Сәтбаев көшесінен Абай көшесіне дейін), Абай көшесі (Сарыарқа көшесінен айналма жолға дейін), Шевченко көшесі (Аманжолов көшесінен Ғарышкерлер бақжолына дейін), Жанасов көшесі (Ұлытау көшесінен Байқоңыров көшесіне дейін), Қарағанды көшесі (Байқоңыров көшесінен Ұлытау көшесіне дейін), Желтоқсан
көшесі (Абай көшесінен ЖЭО бағдаршамына дейін), Садовое кольцо көшесі (Желтоқсан көшесінен Холмецкий көшесіне дейін), Қабанбай батыр шағын ауданының орталық көшесі, Строитель тұйық көшесі қамтылатын болады. Сонымен қатар, тұрғындар көптен бері көтеріп жүрген Қостанкелді және Бекболатсай ықшам аудандарының 5 көшесінің жолдарына жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.

Биылғы жылдың тағы бір ерекшелігі, жөнделген жолдың кепілдік мерзімі 5 жылға дейін сақталады. Бұл жағдай мердігер ұйымдардың жұмыстарының
сапалы атқарылуына ықпалын тигізеді деп күтілуде.

Сондай-ақ оқыңыз

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025

Амандық РАХҰЛЫ.

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

С. Жақыпова Ұлытау облысының әлеуметтік мекемелері мен кәсіпорындарына барды

15.05.2025
С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

С. Жақыпова Жезқазғанда регрессші кеншілермен кездесті

15.05.2025
С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

С. Жақыпова Ұлытау облысының әкімі және активімен бірге мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру барысын талқылады

15.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру