«Мысты өңір» газетінің биылғы 1 тамыздағы санында осындай тақырыппен сын мақала жарияланған еді. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жомарт БЕГАЕВТАН төмендегідей жауап келді:
«Облыстық маңызы бар Жезді – Қарсақбай – Байқоңыр – Қоскөл автомобиль жолының Қарсақбай – Байқоңыр бағыты бойынша жалпы ұзындығы 51 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары бойынша:
2024 – 2026 жылдары (71-86 шқ) 15 шақырымды жөндеу жоспарланған. Мердігер «TuranTabys» ЖШС мамырда жұмыс бастады. Қазір жолды ресайклэр әдісмен тегістеу жұмысы толық аяқталды. 2 шақырымына асфальт жабындысы төселіп, Сапа орталығымен тексеру кезінде тығыздығы сәйкес келмеді. Сапа орталығы асфальт сынамасын қайта алды. Қортындысы күтілуде.
Қарсақбай – Байқоңыр 15 шақырым (56-71 шқ) телімінде медігер – «ПК Дорожник» орташа жөндеу жұмысын бастап, 2 шақырымына асфальт жабындысын төсеп және ресайклэр әдісімен 8 шақырымына тегістеу жұмысын орындады.
Қарсақбай – Байқоңыр 21 шақырым (35-56 шқ) телімінде мердігер «Армстрой» ЖШС, технадзор «КазАрт-Құрылысы» ЖШС 2026 жылға өтпелі орташа жөндеу жұмысын кестеге сәйкес тамызда бастады. Бүгінде шұқыр тегістеу (пучина) жұмысы жүргізілуде.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолының Байқоңыр – Қоскөл (86-221 шқ) телімінде мердігер «Дорожник» ӨК күтіп ұстау жұмысын жүргізіп, көктемгі су тасқыны кезіндегі жолды су шаю орын алған жерлерді қалпына келтірді.
Жезді – Қарсақбай – Байқоңыр – Қоскөл (143 шқ) жолының бойындағы «Көктал» маңында көктемде екі су өткізгіш құбыры су ағынын өткізіп үлгермей жолды су шаю орын алды. Осыған орай көпір салуға ЖСҚ әзірлеу және «Игілік» маңына су өткізу құбырын салу үшін облыстық бюджеттен 2026 жылға қаржы қарастырылуда».

