Жұма, 6 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Шарайна

Жобаның жайы сараланды

26.07.2024
- Шарайна
0
Жобаның жайы сараланды
81
БӨЛІСТІ
224
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен өткен кеңесте «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Сала мамандары аталмыш бағдарламаның барысы жайлы сөз қозғады. Қадау-қадау тапсырмалар жүктелді.

Ауылда өмiр сүру деңгейiн одан әрi арттыру үшiн министрлiк «Ауыл – Ел бесiгi» жобасын iске асыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргiзуде. Жобаның мақсаты – инфрақұрылымды жаңғырту есебiнен және оны жаңа өңiрлiк стандарттар параметрiне дейiн жеткiзе отырып, ауыл тұрғындарының өмiр сүру сапасын жақсарту.

Осы ілкімді жоба біздің өңірде қалай жүзеге асырылуда? Өңір басшысының төрағалығымен өткен жиында осы мәселе жан-жақты талқыланды. Жиында есеп берген сала манандарының сөзіне қарағанда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясында Ұлытау ауданында биыл 6, Жаңаарқа кентінде 5 ауылішілік автомобиль жолдарын жөндеу жобасы жүзеге асырылып жатыр екен. Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы жол жөндеу жұмыстарынан бөлек, аталған бағдарлама бойынша салынып жатқан құрылыс нысандарының қарқынын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Атап айтар болсақ, осы жоба аясында биыл Ұлытау ауданында 20 орындық аурухана және 10 тұрғын үйге инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу, Жаңаарқа ауданындағы денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы сонымен қатар кенттің өзінде және Ералиев ауылындағы электр желілерін салу жобасы (бір бөлігі) аяқталуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз

Облыстық дебат турнирі

Облыстық дебат турнирі

14.03.2025
Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

Жол сапасын бақылау бойынша семинар өтті

14.03.2025

– Қос аудандағы әкімдіктермен бірлесіп, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша ке-
лесі жылы қолға алынатын жобаларды пысықтауды тапсырамын. Оның ішінде жолдарға, әлеуметтік нысандарды толық күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына басымдық берілсін, – деді өңір басшысы өз сөзінде.

Сондай-ақ облыс әкімі аудан әкімдеріне өңірдегі елдімекендерді дамыту бағдарламасын келер аптада көрсетуді, (осыған дейін айтылған тапсырмасы бойынша) кейін бекітілген құжатты жеке-жеке қорғау міндетін жүктеді.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Бөлісу32Твитерге20
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру