Жексенбі, 16 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Жезқазғанға алғашқы «Тальго» келді

09.09.2022
- Жаңалықтар
0
Жезқазғанға алғашқы «Тальго» келді
99
БӨЛІСТІ
275
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Осы аптаның сейсенбісінде Жезқазғанға  Алматыдан алғаш рет «Тальго» жүрдек пойызы келді. Барлығы 22 вагоннан тұратын жүрдек пойызбен жаңа облыс орталығына  200-дей жолаушылар жетсе,шаршап-шалдықпай келген олардың көңіл күйлері көтеріңкі екені байқалады. Аймағымыздағы осы қуанышты оқиғаға орай облыс әкімдігі вокзал басында салтанатты шара ұйымдастырды.

Жаңа облысты дамыту жөніндегі бағдарламалар аясында биыл «Тальго» пойызының қатынасын жолға қою жоспарланған болатын. Үкімет пен облыс әкімдігінің қолдауымен осы игі істі «ҚТЖ» ұлттық компаниясы ойдағыдай жүзеге асырды.«Тальго» вагондарынан құралған Алматы-Жезқазған бағытындағы №73/74 пойызының келуіне арналған салтанатта Ұлытау облысы әкімінің бірінші орынбасары Аман Барекенов жолаушылар қатынасына оңтайлы мүмкіндік туған қуанышқа ортақтаса келіп, көпшілікті құттықтады. «Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басшылығына алғысын білдірді. Т.Қалмағамбетов атындағы филармония артистерінің әуезді әнімен әдіптелген салтанатты шарада бұдан соң ҚТЖ «Жолаушылар тасымалы» АҚ Экспресс филиалының бас директоры Мұхит Тұрсынбаев сөйледі. «Тальго» вагондарының  жолаушыға қолайлы жабдықтармен жабдықталғанын атап айтты. Әр вагонда төрт орынды 5 купе болса, бір купе екі орынға арналған. Кондиционер жүйесі, электр розеткасы жұмыс істейді, биодәретханасы бар. Экспресс филиал басшысы сонымен қатар, осы қыркүйек айында  Нұр-Сұлтан-Жезқазған бағыты бойынша да күнара қатынайтын екінші «Тальго» іске қосылатынын мәлімдеді. Жезқазғаннан тақ күндері шығып, күнара жүретін №65/66 бұл жүрдек пойыз Елордадағы Нұрлы жол вокзалына  13 сағатта жеткізеді.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Мысты шаhарға алғашқы сапарын жүзеге асырған Алматы-Жезқазған Тальгосы құрамында 344 жолаушылық орын бар. Күнара қатынайтын пойыздың алғашқы күнінің өзінде 200 орынға билет сатылып қойыпты. Турист класында 18 вагон болса, 2 вагон бизнес класты, 1 вагон Гранд және 1 вагон мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Гранд класты. Бір вагон-бар және бір вагон-мейрамхана бар. Алматыға дейінгі билет құны вагон деңгейіне қарай 9400 бен 15 мың теңге аралығында. Бұрынғы пойыз Алматыға дейін 27,5 сағат жүретін. Енді «Тальго» вагондарымен жолаушылар 19 сағат 28 минутта жететін болды. Пойыз жолда 9 станцияға ғана аялдайды.  Жұп күндері таңертеңгі 10 сағат 23 минутта Жезқазғанға келетін «Тальго» екі сағаттан кейін оңтүстік астанаға қарай қайтадан  жолға шығады.

Амандық РАХҰЛЫ.

 

 

Бөлісу40Твитерге25

Көп қаралған

  • Сала ардагеріне құрмет

    Сала ардагеріне құрмет

    91 бөлісті
    Бөлісу 36 Твитерге 23
  • Бір аптаға ұласқан дүбірлі той

    96 бөлісті
    Бөлісу 38 Твитерге 24
  • Облысқа қолдау – қомақты

    85 бөлісті
    Бөлісу 34 Твитерге 21
  • Эльмираның бренд шапандары шетелдерге де танымал болды

    149 бөлісті
    Бөлісу 60 Твитерге 37
  • Рухты шыңдаған «Қайсар»

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру