Жексенбі, 1 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Жезқазғандағы жолдың жайы жақсармай қойды

04.04.2025
- Жаңалықтар
0
Жезқазғандағы жолдың жайы жақсармай қойды
71
БӨЛІСТІ
198
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазғандағы жол мәселесі қашаннан да өзекті. Әсіресе көктем келе жезқазғандық жүргізушілердің де, жаяу жүргіншілердің де бейнеті артады. Былтыр Жезқазғанда 57 көшенің жолы жаңарады деген жаңалық таратқанбыз. Қалалық және облыстық қаражат есебінен автокөлік жолдарын жөндеуге Жезқазған қаласы бойынша 3,5 млрд теңге де бөлінген болатын.

Сонымен, 57 көшенің орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған. Яғни, 2 көше инженерлік- коммуникациялық желілерді тарту жұмыстарына байланысты жоспардан алынып тасталған. Ал, 4 көше 2025 жылға өтпелі нысан ретінде белгіленген. Қалған 51 көшенің жайы қандай?

Бұл сұраққа Жезқазған қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Нұрбол Садықов  былай деп жауап берді:

–51 көшеде жұмыстар жасалды. Алайда, келісімшарт бойынша толық аяқталғаны бір ғана көше. Қалғандары бойынша келісімшарттар бұзылды. Бұзылған келісімшарттар бойынша сот органдарына талап арыздар жолдаған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз

Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025

Жаңа төселген жолдар жыл толмай жатып ойылып қалған. Сәт сайын доңғалақты дүрсілдетіп соғатын ойық-ойық жол жүргізушілерді әбден қажытқан. Мұны жергілікті әкімдік білмейді емес, біледі. Сондықтан жұмыстың сапасыз орындалуына байланысты мердігерлерге қаржы төленбеген. Әкімдік сотқа арыз түсіріп, алғашқы отырысы да өткен. Енді, апплециялық шағым берілмек. Сонымен қатар,«Жол активтері ұлттық сапа орталығының» облыстық филиалы жүргізген зертханалық тексеру нәтижелері төселген жолдардың талапқа сай еместігін көрсеткен.

– 300-ге жуық жол-құрылыс материалдарынан сынама алынып, оның 70-ке таманы нормативтік құжаттарға сәйкес келмеді, дейді «Жол активтері ұлттық сапа орталығының» облыстық филиалының зертхана меңгерушісі Жолдасбек Серік.

Айта кету керек, биыл, Жезқазған қаласының 14 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізеледі. Бюджет есебінен оған 4 млрд 55 млн теңге бөлінеді деп жоспарланған.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

Бөлісу28Твитерге18
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?

05.07.2024
Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

Әлемді фашизмнен құтқарған Жезді

21.04.2025
Мемлекет тірегі – тәртіп

Мемлекет тірегі – тәртіп

30.05.2025
Балалардың денсаулығы – назарда

Балалардың денсаулығы – назарда

30.05.2025
Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Абаттандыру жұмыстары қарқын алды

30.05.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру