Бейсенбі, 19 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Жезқазғанда «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

07.02.2025
- Жаңалықтар
0
Жезқазғанда «Жігер»  дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
90
БӨЛІСТІ
251
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Бүгін Жезқазған қаласында көпфункциялы «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Аталмыш нысан корпорацияның Ұлытау облысында спорттағы әлеуетін арттыруға бағытталған қарышты қадамдарының бірі.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен Ұлытау облысы әкімдігінің меморандумы аясында Bank RBK қолдауымен жүзеге асқан жобаның жалпы құны – 8,5 млрд теңге.

Бес бес функционалды блокты қоса алғанда 7 816 шаршы метрді құрайтын спорт кешені үш қабаттан тұрады.

Кешен заманауи спорттық жабдықтармен қамтылған. Мысты шаһардағы алғашқы жүзу бассейні де осы кешенде. Оның ұзындығы 25 метрді құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз

Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

18.06.2025
Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

18.06.2025

Спорт кешенінде командалық спорт түрлері үшін электронды табломен, баскетбол алаңымен, құрал-жабдықпен және 320 көрерменге арналған трибунамен жабдықталған, ауданы 1200 шаршы метрлік әмбебап спортзал бар. Бұған қоса кешенде спорттық төсеніштермен, арқандармен және гимнастикалық снарядтармен қамтамасыз етілген, ауданы 350 шаршы метрді құрайтын көркем және спорттық гимнастика залы жұмыс істейді.

Кешеннің екінші қабатында үстел теннисі мен бокс залы орналасқан. Кәсіби ринг пен жаттығу жасауға мүмкіндік бар.

Кешеннің ашылуына Ұлытау облысы мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басшылығы, Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбырайымов пен Дмитрий Баландин арнайы қатысты.

Салтанатты лента кесу рәсімінен соң қадірлі қонақтар кешеннің ашылуына арналған шоу бағдарламаға куә болды.

«Ұлытау облысының басшылығы мен «Қазақмыс» корпорациясына осы спорт кешенін ашқаны үшін алғыс білдіремін. Бүгінгі таңда мен Ұлттық құраманың жаттықтырушысы болып жұмыс істеймін. Біздің командада еліміздің барлық облыстарынан келген талантты балалар бар. Өкінішке қарай, әзірше, олардың арасында Ұлытау облысының өкілдері жоқ. Болашақта сіздердің шәкірттеріңіз Ұлттық құрамаға қабылданып, Қазақстанның намысын халықаралық аренада қорғайды деп үміттенемін. Мен әр баланың талантты екеніне сенемін. Нағыз таланттарды тауып, танып, оларға жағдай жасау маңызды мәселе»,- деді Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин.

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рысбеков жаңа спорт кешені бұқаралық спорт түрлерін дамытуға және жасөспірімдер мен балаларды спортпен шұғылдануға ынталандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нүриев 2025 жыл басталғаннан бері компания Ұлытау облысы бойынша үшінші нысанды қолданысқа беріп жатқанын тілге тиек етті.

«Қаңтар айының басында Сәтбаев қаласында күрделі жөндеуден кейін «Ақбота» балабақшасы, одан кейін Жезқазғанда еліміздегі ең ірі шахмат академиясы ашылды. Бүгін «Жігер» дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа беріліп жатыр. Бізді алда игі істер күтіп тұр. Жыл соңына дейін тағы 5-6 нысанды аяқтаймыз.

Баршаңызға жарқын жеңіс тілеймін. Өңіріміз дамып, өркендей берсін, жергілікті тұрғындар толағай жеңіске жетіп, өңіріміздің абыройын асқақтата берсін», – деді Нұрахмет Нүриев.

Бөлісу36Твитерге23
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Шолпан шапағы

Шолпан шапағы

13.06.2025
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

Ұлытау облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты

18.06.2025
Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

18.06.2025
Ұлытау облысының ветеринария саласында ауқымды жұмыстар жүруде

Ұлытау облысының ветеринария саласында ауқымды жұмыстар жүруде

18.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру