Сенбі, 15 Тамыз , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Қоғам

Жезқазғанда ЖЭО жаңғырады

18.08.2023
- Қоғам
0
Жезқазғанда ЖЭО жаңғырады
103
БӨЛІСТІ
286
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Бұл облыс әкімі мен Қытайлық компания және «Қазақмыс» корпорациясы арасындағы үш жақты меморандумға қол қою рәсімінде айтылды. Меморандум негізінде Жезқазған қаласының Жылу-электр орталығында жалпы қуаты 100 МВт бу-газ қондырғысының екі блогы салынатын болады.

Орайы келгенде айта кетейік, еліміздегі жылу-энергетика орталықтарының 70 пайыздан көбі халыққа 50 жылдан астам уақыттан бері қызмет етіп келеді. Мұндай жағдайда орталықтардағы құрылымдар мен қондырғылардың тозығы жеткені айтпаса да түсінікті. Мемлекет басшысы осы мәселені шешуді салалық министрлік пен жергілікті әкімдерге тапсырды. Бұған сарапшылар да жұмылдырылды. Олардың пайымдауынша, тығырықтан шығар бір жол жылу-энергетика орталықтарын газдандыру.

Міне, осы ілкімді іс біздің облысымызда қолға алынбақ. Осы мақсатта облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы жуырда Аспан асты еліне арнайы жұмыс сапарымен барып, ондағы іргелі компаниялармен келісім жасап қайтқан еді. Нәтижесінде қытайлық компанияның өкілдері қалаға келді. Сөйтіп, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, «Kazakhmys Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Темірлан Өтегенов, Оңтүстік-Шығыс және Орта Азиядағы Sepco корпорациясының директоры Уанг Гуанжонг және Қазақстан Республикасындағы Синохайдро өкілі Ли Тенг ауқымды іске негіз болар үш жақты меморандумға қол қойды.

Нақтырақ айтар болсақ, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен «Kazakhmys Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Темірлан Өтегенов «Жезқазған Жылу-электр орталығында жалпы қуаты 100 МВт бу-газ қондырғысының екі блогын салу» жобасын іске асыру туралы Меморандумға, «Kazakhmys Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Темірлан Өтегенов пен Қазақстан Республикасындағы Синохайдро өкілі Ли Тенг Жезқазған қаласындағы Жылу-электр орталығы алаңында қуаты ≈ 100 МВт бу-газ қондырғысын құру бойынша келісім шартқа, ал «Kazakhmys Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Темірлан Өтегенов пен Оңтүстік-Шығыс және Орта Азиядағы Sepco корпорациясының директоры Уанг Гуанжонг бу-газ қондырғысының жобалық қужаттамаларын дайындау бойынша келісім шартқа қол қойды.

– Жобаның жалпы құны шамамен 80 миллиард теңге. Іске асыру мерзімі 2023 – 2026 жылдар. Бу-газ қондырғысын іске асыру және кейіннен пайдаланған кезде жаңа жұмыс орындары ашылады. Пайдалану басталғаннан кейін қондырғы 104 МВт дейінгі электр жүктемесінің тапшылығын жабуды қамтамасыз етеді. Облыс бюджетіне қосымша қаражат түседі, ал халықаралық инвесторларды тарту қолданыстағы және жаңа жергілікті өнеркәсіптік объектілерді жаңғырту мен кеңейтуде өз рөлін атқара алады, – дейді өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы өз сөзінде.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Бөлісу41Твитерге26

Көп қаралған

  • «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    «Eco Life: Таза Қазақстан – жастар таңдауы»

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Жеңіс туын желбіретті

    92 бөлісті
    Бөлісу 37 Твитерге 23
  • 🌊 БЕЗОПАСНОСТЬ НА ВОДЕ — ОТВЕТСТВЕННОСТЬ КАЖДОГО

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • 🌊 СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК — ӘРКІМНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

    66 бөлісті
    Бөлісу 26 Твитерге 17
  • Ұлытаудан шыққан рухани шипагер

    185 бөлісті
    Бөлісу 74 Твитерге 46
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру