Жексенбі, 18 Қаңтар , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Мұқаба

Жезқазғанда жаңа ЖЭО салынады

19.01.2024
- Мұқаба
0
Жезқазғанда жаңа ЖЭО салынады
95
БӨЛІСТІ
265
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезқазған қаласында 2029 жылдың соңына дейін қуаттылығы 500 МВт болатын жаңа жылу электр орталығы салынатын болды. Бұл жайлы ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында мәлім етті.

Министр алқалы жиында Қазақстанда энергетика жүйесіндегі тапшылықты жабу үшін жаңа қуаттар іске қосылатынын мәлімдеді.

– Қолданыстағы электр станцияларын қайта құру және кеңейту есебінен қосымша 5,6 ГВт қамтамасыз етіледі. Мұндай жобалардың қатарында қуаттылығы 325 МВт Ақсу ГРЭС №7 блогының құрылысы (2027 ж.), Қарағанды ЖЭО-3 турбинасын ауыстыру және қазандық қондырғысының құрылысы (2026 ж. 120 МВт) және Karabatan Utility Solution ЖШС бу-газды қондырғыны 310 МВт-тан 620 МВт-қа дейін кеңейту (2027 ж.) бар. Жоспарда қуаттылығы 6,7 ГВт болатын жаңа генерацияның құрылысы да қарастырылған, – деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өз сөзінде.

Осы ауқымды жобалардың қатарында Жезқазған қаласына жаңа жылу-энергетика орталығын салу жоспары да бар.

– Икемді генерацияны таңдау бойынша аукцион аясында Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларында жалпы қуаты 2,4 ГВт болатын жанар-жағармай құю станцияларын салу жоспарлануда. Жезқазған қаласында 2029 жылдың соңына дейін қуаттылығы 500 МВт болатын жаңа жылу электр орталығын салу жоспарланып отыр, – деді министр.

Орайы келгенде айта кетейік, 2023 жылғы 26 желтоқсан күні Қазақстан мен Ресей үш ЖЭО салу туралы келісімге қол қойған болатын. Жаңа жылу электр орталықтары Семей және Көкшетау қалаларында 2027 жылы іске қосылса, Өскеменде салынатын нысан 2030 жылы пайдалануға беріледі. Жобалардың басты мердігері болып «Интер РАО экспорт» компаниясы бекітілген. «Самұрық-Қазына» мен ресейлік «Интер РАО экспорт» компаниясы арасындағы келісім құжатқа қол қойылған күннен бастап күшіне енген.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.

Бөлісу38Твитерге24
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

Қаныш Сәтбаев және Жезқазған

16.02.2024
«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

«Жезқазған» қонақүйінде туған ән

19.04.2024
Табыс тасқындаған жыл

Табыс тасқындаған жыл

26.12.2025
Полицияның бір күні

Полицияның бір күні

16.01.2026
Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

Мемлекеттік кеңесші. Жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі өкілеттіктері талқыланды

16.01.2026
Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

Қауіпсіздік қалқанына айналғандар

16.01.2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру