Жұма, 11 Қыркүйек , 2026
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Жаңалықтар

Жезқазғанда 300 орындық жаңа мектеп ашылды

05.09.2025
- Жаңалықтар
0
Жезқазғанда 300 орындық жаңа мектеп ашылды
76
БӨЛІСТІ
210
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

1 қыркүйек – Білім күні және жаңа 2025–2026 оқу жылы Ұлытау облысында айрықша қуанышпен басталды. Қала мен аудан мектептерінде алғашқы қоңырау сыңғыры естіліп, жаңа білім сапарына қадам басқан оқушыларға арналған салтанатты жиындар өтті.

Биылғы оқу жылының басты жаңалығы – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Жезқазған қаласының Қабанбай шағын ауданында 300 орындық жаңа №12 жалпы білім беретін мектептің пайдалануға берілуі.

Заманауи үлгіде салынған бұл білім ордасы жас ұрпақтың сапалы білім алуына кең мүмкіндік береді. Мектептің табалдырығын аттаған әрбір шәкірт үшін бұл – үлкен арманға бастайтын маңызды қадам. Жаңа оқу орны Жезқазғанның игілігіне қызмет етіп, облыстың білім беру инфрақұрылымын едәуір нығайтты.

«Келешек мектебі» – бұл жаңа заманауи ғимарат, яғни кең, жарық әрі қауіпсіз, баланың дамуына қолайлы білім кеңістігі. Мұнда кәсіби ұстаздар ұжымы жас ұрпақтың дарыны мен қабілетін ашуға бағытталған заманауи әдістемелерді қолданады. Инновациялық оқу ортасы цифрлық құралдармен, зертханалармен, робототехника мен пәндік кабинеттермен жабдықталған. Әр бала түрлі үйірмелерге қатысып, шығармашылық тұрғыда дамуға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, мектепте кітапхана, акт залы, асхана, спорт залдары, демалыс аймақтары, ойын алаңдары мен шығармашылық студиялар бар. Ең бастысы – ата-анамен серіктестік орнатылып, ашық қарым-қатынас пен әр баланың жеке дамуына бағытталған бірлескен жұмыс жүргізіледі.

Жаңа оқу жылында Ұлытау облысында 4150 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Олар үшін бұл – білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы, ал ұстаздар үшін – жас ұрпақты сапалы білім мен өнегелі тәрбиеге баулудағы жаңа жауапты кезеңнің бастауы.

Оқу жылы қарсаңында өңірдегі 7 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Бұл жұмыстар оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтып, балалардың жайлы әрі заманауи ортада білім алуына жағдай жасады.

Ізтай Белгібай, Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.

 

Бөлісу30Твитерге19

Көп қаралған

  • Бәйеш батыр

    Бәйеш батыр

    228 бөлісті
    Бөлісу 91 Твитерге 57
  • Әнші Ғалым МҰХАМЕДИН«Құрметті профессор» атанды

    213 бөлісті
    Бөлісу 85 Твитерге 53
  • Экологиялық әдеттерді қалыптастыру және азаматтарды тұрақты тұтыну тәжірибесіне тарту

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

    67 бөлісті
    Бөлісу 27 Твитерге 17
  • «Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

    1549 бөлісті
    Бөлісу 620 Твитерге 387
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру