Биыл Ұлт ұясы Ұлытауда әлем назарын аударған «Жезкиік» халықаралық музыка фестивалі өтпейтін болды. Оған еліміздің бірқатар өңірінде орын алған су тасқыны себеп.
Президент пәрменімен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті фестивальдің өтуіне тосқауыл қойды. – Осы жылдың сәуірінде мемлекет басшысының имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізуге жол бермеу туралы тапсырмасын орындау шеңберінде 150 млн теңге құрайтын «Жезкиік» музыкалық фестивалін өткізуге жол берілмеді. Сонымен қатар, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы конкурстық құжаттамада сметалық шығыстарды көрсетпеген, – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов.
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.