Жексенбі, 15 Маусым , 2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс
Cuprum News
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Cupum News
Басты бет Дидар

Жездінің шахта басшысы

Жезді кенішіне – 80 жыл

07.10.2022
- Дидар
0
Жездінің шахта басшысы
76
БӨЛІСТІ
212
ҚАРАЛДЫ
Facebook арқылы бөлісуTwitter арқылы бөлісу

Жезді кен басқармасының 80 жылдық  тарихында адал еңбегімен, халыққа қалтқысыз қызметімен есте қалған азаматтың бірі – Жоламан Әбейұлы Әшірбеков.

Жоламан Әбейұлы 1943 жылы Жезді елді мекенінде қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. Әкесі Әбей Әшірбеков алғашында Қаныш Сәтбаев ұйымдастырып, осы төңіректен кен іздеу мақсатында жұмыс жүргізіп жатқан кен барлау мекемесінде еңбек жолын бастаған. Кейіннен Марганец кенішіне Кеңгір поселкесінен тартылған темір жол торабына жұмыскер болып орналасып, көп жылдар еселі еңбек еткен екен. Анасы Кентай Әбдірахметова 8 бала тәрбиелеп өсіріп, немерелерге асыл әже болған. Жездідегі алғашқы көшелердің бірі – Мосты көшесі. Ол кезде өз алдына бір ауыл болатын. Кентай шешеміз осы ауылдағы сыйлы аналардың бірі болды.

Жолтай (Жоламан) Әбейұлы №6 Жезді орта мектебінің  8-ші сыныбын  бітірген соң, оқуын кешкі мектепте жалғастырып, еңбекке  ерте араласты. Ол жұмыстың қандай қиындығына болса да төзе білді. Жезді кен басқармасында 2 жыл жұмыскер болып еңбек етіп, 1962 жылы өндірістің жолдамасымен Қарағанды политехникалық институтының тау-кен инженері факультетіне оқуға түседі. Оқу орнын 1967 жылы аяқтап, Жездіде кен инженері кәсібінің төменгі сатысынан бастап,  №6 шахта бастығына дейін   абройлы қызмет етті. Ол басшы болған кездерде шахта жоспарларын ойдағыдай орындап отырды. Қарапайым кеншілердің еңбегін бағалап, мерейін шығарып, мәртебесін көтере білді.

Жоламан Әбейұлы кен өндірісін ілгері дамытумен қатар білікті кеншілерді жан-жақтан жұмысқа шақырып, олардың әлеуметтік жағдайын жасауға көңіл бөлді. Өндіріске келген жас мамандарды өз қамқорлығына алып, кәсібіне баулып, кеншілер жұмысының қыр-сырын үйрете білді. Жұмысшылармен жақсы тіл табыса білетін, жанашыр, қарапайым  қамқор басшы болғанын байырғы кеншілер ризашылықпен еске алып отырады.

Сондай-ақ оқыңыз

Біздің Балтекең

Біздің Балтекең

02.11.2023
Біз – ханын қадірлеген, биін ұлықтаған ұрпақпыз

Біз – ханын қадірлеген, биін ұлықтаған ұрпақпыз

10.02.2023

Еліміз тәуелсіздік алып, «Қазақмарганец» акционерлік қоғамы құрылғанда әріптестері Жоламан Әбейұлын тұңғыш президент етіп бірауыздан сайлады. Бұл да азаматқа деген ел сенімі  ең жоғарғы мәртебе еді. 40 жыл  бойы кеншілерге басшы болған Ж.Әбейұлы құрметті зейнет демалысына шықса да, үйде отырып қала алмады. Ол  бірнеше жыл Жезқазған агралы-техникалық колледжінде ұстаз болып, көптеген жас кеншілерді тау-кен ісіне баулыды. Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы атанды.

Жұбайы Құрамыс көп жылдар бойы Жезді №6 орта мектебінде бастауыш сыныптардың мұғалімі болып, абыройлы  қызмет істеген. Өнегелі отбасында үш қыз, бір ұл тәрбиелеп өсіріп, жеті немере көрді.

Жоламан Әбейұлы Әшірбеков еліне сіңірген еңбегімен, өнегелі істерімен, ағайын-туысқа деген бауырмалдығымен мәңгі ел есінде қалады.

Мұхитден.Уатаев, Мәкен Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің әдіскері.

 

 

Бөлісу30Твитерге19
  • Трендте
  • Пікір
  • Соңғы
«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

«Даналық мектебі» – тәрбие тірегі

16.02.2024
«Комсомол»  колхозы

«Комсомол» колхозы

28.03.2025
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

«Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз»

05.07.2024
Сапалы өнім өндіруде

Сапалы өнім өндіруде

06.06.2025
Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

Су құбырларын жаңартуға жұмсалады

06.06.2025
Жаңа демалыс аймағы ашылды

Жаңа демалыс аймағы ашылды

06.06.2025
  • Редакция
  • Газет тарихы
  • Жарнама
  • Баспасөзге жазылу
  • Байланыс

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Экономика
    • Әлеумет
    • Қоғам
    • Өнер
    • Білім
    • Зерде
    • Спорт
  • «Қазақмыс»
    • Өндіріс өрісі
    • Өндіріс өрендері
    • Топжарған
    • «Қазақмыс» құрылымдарында
    • «Қазақмыс»: әлеуметтік серіктестік
    • «Қазақмыс»: қолдау
  • Кәсіподақ тынысы

© 2025 © «Мысты өңір» газетінің редакциясы» ЖШС.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру